Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда күзгі тал егу акциясы ұйымдастырылды

Қазалыда күзгі тал егу акциясы ұйымдастырылды

Бүгін Қазалыда аудандық әйелдер кеңесінің ұсынысымен күзгі тал егу акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – туған өлкені көркейту-көгалдандыру, яғни жасыл желекке айналдыру. Осы мақсатта аудан орталығындағы Әйтеке би ескерткішінің алаңына 100 түп үйеңкі талы отырғызылды.

Кент келбетінің көркеюіне бастайтын берекелі бастаманы аудан басшылары да қолдап, күзгі тал егу акциясына белсенді қатысты. Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев және аудан әкімінің орынбасарлары Әліби Әбиев пен Ғалымжан Еркебай, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров жұбайларымен бірге тал отырғызды. Одан бөлек, аудан әкімдігі мен дербес бөлім қызметкерлері де өздерінің лайықты үлесін қосты.
Жалпы, көшетті көбіне көктемде отырғызады, десе де, оған көп күтім керек екен. Ал, күзде отырғызылған шыбықтар еккеннен кейін тамыр жайып, тез өнеді. Олар көп күтімді қажет етпейді. Тек отырғызар алдында ережелеріне мұқият мән берген абзал. Артық бұтақтарын қырқу, суды мөлшермен құю секілді жұмыстарға қадағалау керек.
Аудан басшысы Мұрат Ергешбаев акцияның өтуіне мұрындық болған аудандық әйелдер кеңесіне алғысын айтып, тал еккен барша жандарға ризашылығын білдірді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
09 қараша 2020 ж. 1 242 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 85

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930