Табиғи тастан жасалған тарақ не үшін керек?
Гуаша бет массажы өз тиімділігін дәлелдеп, көпшілік қыздың күнделікті бет күтімінің бір бөлігіне айналып үлгерді. Тарақтың түрлі пішіндегі және біртүрлі роллері бар түрлерін көріп жүрміз. Енді, сізді таңғалдыратын ештеңе қалмады деп ойлауыңыз да мүмкін. Алайда бьюти–ынтагерлер жаңа құрал іздеуде ешқашан тоқтамайды. Соңғы терндтің бірі — бас терісі массажына арналған тарақ түріндегі қырғыш. Бұл құралдың пайдасы қандай және оны қалай қолдану керек?
Шаштары сынғыш және көп түсуге бейім адамдар мұндай тараққа мән бергендері жөн. Гуаша техникасымен бас терісіне массаж жасау тері тонусын арттыруға ықпал етеді, қанайналымды жақсартады және сәйкесінше, жасушаларды, соның ішінде, шаш түптерін оттекпен қамтамасыз етеді. Нәтижесінде, шаш сапасы жақсарады. Шашты гуаша тарағымен жүйелі түрде «тараудың» тағы бір артықшылығы бар. Мұндай массаж артериялық қысымды түсіреді және бас ауруын кетіруге көмектеседі.
Табиғи тастан жасалған тарақпен тараудың медитациялық әсері де бар. Себебі тәжірибе кезінде өз сезімдеріңізге мән беру керек боласыз. Тарақ жасалған материал да ерекше әсер етеді. Мысалы, шығыс медицинасында аса бағаланатын тастың бірі — нефрит бас ауруын азайтуға және ұйқыны реттеуге көмектеседі деп саналады. Алқызыл кварц шаршағанды басса, яшма жан тыныштығын табуға көмектеседі.
Гуаша техникасында бас массажын жасауға күніне 5-10 минут бөлу жеткілікті. Алайда бет массажы секілді бұл жерде де тұрақтылықты сақтау маңызды. Онымен тарау кезінде тарақты басу керек. Жағымсыз сезім болмауы керек, себебі гуаша — ауыртпайтын процедура. Тарақты қатты басып жіберсеңіз, шаш түптерін зақымдап жіберуіңіз мүмкін. Сондықтан өз сезіміңізге қараңыз.
Басты түрлі бағытта тарау керек. Мысалы, бастың ортасынан құлаққа қарай, содан соң маңдайдан желкеге қарай, одай кейін кері бағытта жасауға болады.
Тарақтың температурасы да маңызды рөл атқарады. Егер алдымен тарақты жылы судың астында сәл қыздырып алсаңыз, ол процедура кезінде босаңсуға көмектеседі.
#ТАРАҚ
#БАС ТЕРІСІ
#ШАШ КҮТІМІ
#ГУАША
#МАССАЖ
Гуаша техникасында бас массажын жасауға күніне 5-10 минут бөлу жеткілікті. Алайда бет массажы секілді бұл жерде де тұрақтылықты сақтау маңызды. Онымен тарау кезінде тарақты басу керек. Жағымсыз сезім болмауы керек, себебі гуаша — ауыртпайтын процедура. Тарақты қатты басып жіберсеңіз, шаш түптерін зақымдап жіберуіңіз мүмкін. Сондықтан өз сезіміңізге қараңыз.
#БАС ТЕРІСІ
#ШАШ КҮТІМІ
#ГУАША
#МАССАЖ