Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер ардақталды

Ардагерлер ардақталды

Халқымыздың тарихында мәңгілік ұмытылмас күндер бар. Олар зор мәнге ие. Бейсенбіде Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен кеш өтті. Шарада «Тәжік-Ауған» соғысының ардагерлері ардақталды.
Шара шымылдығын орталық өнерпазы Жанболат Өмірзақ «Біздің жігіттер» әнімен ашты. Ұрыста ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алу құрметіне, бір минут үнсіздік жарияланды.
Онан соң аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы:
– Құрметті жерлестер, қадірлі тәжік-ауған соғы­сының ардагерлері, өздеріңіз білетіндей, 1995 жылдың 7-інші сәуірі ел тарихындағы елеулі күндердің бірі. Сол кезде елдер арасындағы бітімгершілік операция­сы ұйымдастырылып, ұрысқа 9 мыңға жуыққазақ жауын­герлері қатысты. Жеңіс туының желбіреуіне қазалылық 27 жауынгер өз үлестерін қосты.
Біз қашанда елі – ерін құрметтеген халықтың ұрпағымыз. Ұлы Отан соғысының лайықты ізбасары ретінде, ерліктеріңізді келешек жастарға үлгі етеміз. Келешек жас буын Тәуелсіз көк аспанның астында өмір сүрсін дегім келеді. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деп сөз қайырып, біршама майдангерге төсбелгі тақты және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Одан кейін Қазалы аудандық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Әбдусаттарұлы бірнеше азаматқа арнайы Алғыс хат табыстады. Кеш соңы мәдениет орталығы өнерпаздарының әсем әнімен тәмамдалды.
Серік АҚМЫРЗА
09 сәуір 2022 ж. 479 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031