Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерлігі есте ерлердің

Ерлігі есте ерлердің

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 32 жыл. Осыған орай Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған салтанатты жиын өтті. Шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев биыл «Тәжік-Ауған» әскери қақтығысының аяқталғанына 20 жыл толғанын тілге тиек етіп, тыныштық пен бейбітшілік орнату жолындағы еңбегі үшін интернационалист жауынгерлерге жылы лебізін білдірді.

 – 1993 жылдың 15 сәуірінде ҚР Жоғарғы кеңесінің «Тәжік-Ауған учаскесіндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын күшейту туралы» қаулысымен жеке құрама атқыштар батальоны құрылды. Сегіз жылға созылған ұрысқа сегіз жарым мың қазақстандық қатысқан. Бүгін айтулы датаға байланысты Ауған соғысы ардагерлерімен бірге «Тәжік-Ауған» қақтығысына қатысушы ардагерлерге де құрмет көрсетуді жөн көрдік. Тәжікстанда Ауған содырлары есірткі мен қару-жарақ тасығандарға, шекара бұзушы қарулы топтарға тосқауыл қою мақсатында 1993-2001 жылдар аралығында бітімгершілік операциясы жүргізіліп, қақтығыс аймағында 35 қазақстандық сарбаз қаза тапқан.
Жалпы аудан бойынша «Тәжік-Ауған» қақтығысына 27 қазалылық аттанып, бір азамат Тәжік даласында қаза тапты. Ал үш жерлесіміз елге келіп қайтыс болды. Қазіргі таңда 23 ардагер ортамызда жүр, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң «Тәжік-Ауған» әскери қақтығысына қатысқан бірқатар қазалылыққа 20 жылдық мерекелік медаль мен Алғыс хат табыстады. Сонымен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов пен ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер Одағы «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдар Әлиев құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды тілегін жеткізді. Ал «Тәжік-Ауған» әскери қақтығысы ардагерлерінің Қазалы ауданы бойынша төрағасы Руслан Баймбетов ардагерлер иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат


16 ақпан 2021 ж. 2 785 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930