Жұма, 8 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық фронталды бөліктің өтуі Қазақстан территориясың басым бөлігіне құбылмалы ауа райын алып келеді. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте найзағай, шаңды дауыл күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында желдің 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, солтүстігі мен шығысында екпіні 25 м/с күшеюі, түнде және таңертең оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысында солтүстігі мен шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі, түнде батысы мен солтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігі оңтүстігі мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдақдықпен соғады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде желдің 17-22 м/с күшеюі күтіледі. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде тұман, күндіз оңтүстігі мен орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қостанай облысының шығысында тұман, көктайғақ, солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігі, шығ,ысы мен орталығында тұман, оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жылдамдықпен соғады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі, орталығында шаңды дауыл соғады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
#ауа райы #болжам #8 сәуір
baq.kz