Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Баба даңқын ұлықтаған

Баба даңқын ұлықтаған

Жуырда Кәукей ауылында Қызылқұм қойнауында туғалы табан аудармай өсіп-өнген шежіреші, Жанқожа танушы (ауыл көлеміндегі атағы) және «Қаражорға» шежіре жыр жинақтарының авторы Күлібейтегі Шәки Әлиұлы 61 жасында өмірден өтті.
Шәки менен үш-төрт жас кішілігі болғанымен анда-санда кездескенде оның кісілігіне, сөз саптауына разы көңілмен оны керісінше ұлықтап отыратынмын. Себебі оның жақсылардың жалғасы, тектілердің тұқымы екенін білетінмін. Мен оның өз әкесі Әли ағаны көрмесемде, ата тегінің атақ-даңқына біршама қанықтым. Солардың бірі немере әкесі Тойымбет ақсақалмен әкеміз замандас болды. Әрі Тойымбеттің Оңғар атты ұлымен қатар өстім. Яғни біз Тойымбеттің әңгімесін тыңдап, қолынан ет асау бағы бұйырған ұрпақпыз.
Менің бала күннен есімде қалғаны Тойымбет есімімен бірге Күлімбеттің Көкшолағы егіз естілетін және ара-тұра Тойбазар хикаялары да айтылып қалатын. Тойымбет ақсақалдың өте сауатты адам екенінің бір айғағы 1972 жылы Кәукей ауылының №225 мектебінде 8 сынып оқып жатқан жылы сынып жетекшіміз Е.Кәрібай ағайымыз Тойымбет ақсақалдың баласы Оңғардың хал-ахуалын сұрап жазған хатын көрсетіп, бізді таңқалдырған.
Жолсыз ақ қағазға түзу әрі әдемі, қатесіз жазылған сөйлемдерді бізге көпке дейін үлгі етіп көрсетіп жүрді. Кезінде сауатын арабша ашқан Тойымбет ақсақал осы күнгі жазу-сызуды 1960-шы жылдары жасы 60-тан асқанда ғана оқып, үйреніп меңгеріп алған көрінеді. Біздің білетінде Жанқожа баба жайлы жазылған үш кітапта (Зейнолладан басқа) осы кісінің қолжазбасы негізінде жазылған. (2010 жылға дейінгі дерек)
Осының өзі көп нәрсені аңғартатындай. Және бір немере ағасы Тойбазардың бел баласы Сыдық аға менің шешеммен бөле туыс болып келетін. Сабырлы жай сөйлейтін.
1973 жылдың күзінде біз қарабурадан Кәукей елді мекеніне қоныс аударып жатқан жылы үйге келіп, қонып кеткені есімде.
Кешкі тамақтан соң әкем әңгімелесіп отырған. Таңертең сол қалпында алдарына таңғы шайдың дастарқанын жайдым, – деп шешем айтып отыратын.
Әңгімешіл, өте терең адам тұғын. Шаруашылықта жұмыс істеді. Жұмыс бабында ешкімнің сын-ескертпесін естімей, үстем қалпында өмірден өтті. Және де бұл әулиетке қанық болатынымның себебі, менің туған нағашыларым Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданында тұратын. Кешегі ашаршылықта ауа көшіп барған. Тойбазармен тағдырлас, ауылдас бір-біріне тілекші, тонның ішкі бауындай өмір сүрген. Тойбазардың хикаяларына жетік еді.

Демек мен Шәкидің өзінен гөрі негізіне, ата-бабаларының қадір-қасиетіне біршама қанықпын деп есептеймін және сол кісілерді құрмет тұтатынымның әсері болар, Шәкиді әр кездестіргенде бүкіл болмысынан тереңде жатқан тектілікті сезетінмін. Шәки өмірінің соңғы ондаған жылдарын өзі туып өскен Қызылқұм өңірінің Жанқожа атындағы шекара бекетінде жұмысшы болып өткізді. Сол жұмысшы болып жүріп, шекара бекетіне келіп кететін түрлі ұлт, түрлі санадағы адамдарға Жанқожа бабаның атақ-даңқын насихаттауда еңбегі орасан зор болатын. Кезінде республикалық «Отан сақшысы» газетіне жазылған түрлі жанрдағы әңгімелерімен өлеңдері үшін редакция алқасынан алған алғыс хаттары бар. Жанқожа баба есімін ұлықтауда түрлі іс-шаралар мен телеарналарға берген сұқбаты сақталған. Өткен жылы Қызылқұм Жанқожа батыр атындағы шекара бекетінен алған «Жанқожа танушы» деген естелік сыйлықтың иегері екен.
Болашақта ауыл кітапханасы жанынан «Жанқожа танушы Шәки», – деген бұрыш ашылса, ата әруағын ұлықтауда Шәки ісін жалғастырушылар табылар еді деген үміттемін.

Өтеген ӘУЕЗХАН,
Кәукей ауылы
05 сәуір 2022 ж. 874 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031