Ақпараттық насихаттық топ өз жұмысын бастады

Жиынды аудандық мәслихат депутаты, ВЧД-6 БПҰ-ның төрағасы Арғын Орымбаев ашып, жиынға қатысушыларға кездесудің мақсатын түсіндіріп, сөз кезегін аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаевқа берді. Партия филиалының Атқарушы хатшысы партияның кезектен тыс XXII съезінде қабылданған өзгерістерге қысқаша тоқталып, Ел Президенті өз жолдауында ұсынған елімізді онан әрі дамыту үшін негіз болатын 10 реформаны атап өтті. Мұнан соң ауданық мәслихат хатшысы Бақытжан Дүзелбайұлына баяндама жасап, жолдау елдің экономикасы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанын, ел дамуына жаңа серпіліс берген Жолдау екендігін айтып кетті.Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты, «Тұран-Қазалы» газетінің бас редакторы Ғазиз Әліш сөз алып, сайлау жүйесін жетілдіру және елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын билікке жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны маңызды екенін айтып, өз сөзін қорытындылады. Сондай-ақ, жиында аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев баяндама жасап, жолдау жөнінде өз пікірін білдірді.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар халық қалаулыларына Әйтеке би кентіндегі бірқатар көшелерге жарық шамдар орнату, көшелерді орташа жөндеу, ойын алаңдарын салу сияқты бірқатар сауалдарын айтты. Аталған мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта бюджет мүмкіндігіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат