Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия активінде жолдаудағы жаңа бағыттар талқыланды

Партия активінде жолдаудағы жаңа бағыттар талқыланды

Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған мазмұны мен ауқымы жауапкершілікті жүктейтін Жолдауды талқылау мақсатында, бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалында аудан әкімі, партия филиалының төрағасы Оразбаев Мұхтар Әуесұлының төрағалығымен партия активінің отырысы өтті.
Аудандық партия филиалының төрағасы Мұхтар Әуесұлы жолдауда негізгі 10 бағыт бойынша іске асатын реформаларды атап өтіп, партия филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жаппарбергенұлына сөз берді. Партия филиалының атқарушы хатшысы жолдауда айтылған партия алдындағы міндеттерге тоқталып, хабарлама жасады.
Өз кезегінде сөз алған облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілепұлы Ел Президентінің жолдауында айтылған императивті мандатқа көшудің маңыздылығын, бұл депутаттардың сөзден, іске қарай көшуіне және жауапкершіліктің жоғарлауына алып келетіндігін атап өтті.

Сондай-ақ, жиын барысында №70 мектеп директорының орынбасары, белсенді партия мүшесі Ділдабек Инаятуллаұлы және «Қазалы» газетінің бас редакторы Есет Жұмабекұлы сөз алып, жолдаудағы жаңа облыстардың құрылуы, бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне тоқталып, баяндама жасады.
Жиын соңында партия филиалының төрағасы Мұхтар Әуесұлы жолдаудағы жаңа бағдарламаларды толықтай қолдап, белсенді жұмыс жасауға шақырды.
"AMANAT" партиясы Қазалы аудандық филиалы
18 наурыз 2022 ж. 355 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031