Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғат тепе-теңдігі бұзылмаса игі

Табиғат тепе-теңдігі бұзылмаса игі

Аудандық «Қазалы» газетінің 2018 жылдың 27 ақпанындағы №17 санындағы журналист Жеңісбек Айымқұловтың аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме маманынан алған «Көктемде құс атпаңыз!» атты сұхбатынан көп мәлімет алдық. Соңғы уақытта құстардың саны мүлдем құрып кету алдында тұрғанын білдік. Үш жыл бойы құс атуға тыйым салғанына қарамастан, өткен жылы еліміздегі құстардың саны 2 миллионға кеміген екен. Бұл адамдардың табиғатқа деген қатыгездігінен туындап отыр, табиғат тепе-теңдігінің бұзылуы апатқа әкеледі.
Тарихшы ретінде айтайын дегенім, көрші Қытай еліндегі құстарға деген қатыгездіктен болған оқиғаны газет оқырмандары білгені дұрыс. 1957 жылы 18 ақпанда Қытай елінің басшысы Мао Цзэдун КСРО-ны даму жағынан басып озу үшін «Үлкен секіріс» бағдарламасын жариялады. ҚХР-дың халық ағарту министрінің бірінші орынбасары, белгілі биолог-ғалым Чжау Цзянь астық өндіруден КСРО-ны басып озу үшін егіннің басты жауы торғайларды жоюды ұсынды. Бұл ұсыныс ел басшыларынан қызу қолдау тауып, «Үлкен секіріс» бағдарламасының бір бағыты болады деп есептеді. 1958 жылы 12 ақпанда ҚХР-ның төрағасы Мао Цзэдун елдегі барлық құстарды жою туралы өзінің тарихи жарлығына қол қойды. Бүкіл Қытай халқы «Ұлы Мао жасасын!» деп іске кірісіп кетті. Түрлі әдісті қолдану барысында екеуі де тиімді болып шықты. Бос темір ыдыстар мен шелектерді даңғырлатып торғайлардың бұтаға қонуына мүмкіндік бермесе, қанаты талған торғайлар 15 минуттан соң өздері жерге құлап түсетін болды. Сол кезде торғайлар дереу өлтіріліп, бір жерге үйілді. Бұл науқанның қызу жүріп жатқанын баспасөз бетінде көрсету үшін керек болды. Екіншіден – бұл науқанға сабақтан әдейі босатылған мектеп оқушылары түгел қатысты. Ағаш бұтақтан жасап алған «рогаткамен» балалар торғайды мыңдап қыра бастады. Мерген оқушылар «Құрмет громоталармен» марапатталды, мекеме мен мектептер өзара жарысқа түсіп, міндеттемелер қабылдады.
Пекин мен Шанхай қаласында науқанның алғашқы үш күнінде 1 миллион торғай өлтірілсе, бір жыл ішінде 2 миллиард торғай, сарышымшық, тағы басқа құстар қырылды.
1958 жылы бидай мен күріштен бұрын-соңды болмаған мол өнім жиналды. 1959 жылы да мол астық жинағанмен, ел басшылары бір нәрсені жасырғанмен, халық та шегірткенің күрт көбейгенін көріп, өздеріне үлкен апат келе жатқанын сезе бастады.
1960 жылы енді шыға бастаған дәнді дақыл мен жердегі жасыл шөп атаулыны шегірткелер жеп, тып-типыл етті. Шегірткелер аспанға ұшқанда, күн көзін бұлт басқандай болды, қалалардағы жасыл желек пен талдарды құртқан шегірткелер ормандарға ауыз салды, қураған орман ағаштары жел әсерінен құлап, құлазыған кейіпке түсті. 1960 жылғы аштықтан 30 миллион халық қырылды, жеуге жарайтын тышқан, кесіртке, жылан, ит, мысықтан түк қалмады. ҚХР-ның басшылары қатты сасып, КСРО-дан торғай, сарышымшық сияқты ұсақ құстарды сұрауға мәжбүр болды. КСРО-ның басшысы Н.С.Хрущев бұған таң қалса да, достық қарым-қатынастағы Қытайға ондаған вагон құстарды жіберді, ол да жетпегесін Канада мемлекетінен сұрауға мәжбүр болды. Шегірткеге семірген торғайлар адамдардан қорқуды қойды. Шегірткеден көздері ашылған халық та, сол кезден бастап торғайларды өздерінің құтқарушылары ретінде киелі құс деп санайды.
Бақытжан ТҮМЕНБАЕВ,
тарихшы
10 сәуір 2018 ж. 4 900 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 70

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930