Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талапты шәкірт – талантты ұстаздан

Талапты шәкірт – талантты ұстаздан

Өнерлі өрен Нұрдәулет Қанибай Ғани Мұратбаев атындағы №17 мектептің 4 «а» сыныбында. Оқуда озат, өнерге құштар. Төрт жасында алғаш сахнаға шықты. Ол кезде балабақша бүлдіршіні еді.
Қазақ әдебиеті, қазақ тілі және математика пәндерін сүйіп оқитын шәкірт білім бәсекелерімен қатар өнер додаларында да жеңістерге жетіп жүр. Нұрдәулет Нұрланұды математика пәнінен өткен онлайн олимпиаданың жеңімпазы. Әр оқу жылының соңында үздік оқығаны үшін мектеп директорының қолынан мақтау қағазын алады. Халықаралық ПОНИ (Пайымда! Ойла! Нәтиже!Игер!) сайысында да бәсі биік түсіп, арнайы сертификат иеленді. Мектепішілік «Ең үздік жазу каллиграфиясы» сайысында үшінші орын алды. Ол республикалық «Ақ Бота» интеллектуалдық марафонының жеңімпазы, бірінші дәрежелі диплом иегері. «Бөбектің тілегі» атты шығармашылық байқауда да Нұрдәулет талантымен танылып, үздік атанды. Ұлттық «Бала дауысы – 2020» ән байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді.
Тәуелсіздіңктің 30 жылдығына орай өткізілген «Ұлы дала дауысы» атты III республикалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық байқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. «Қазақтың 100 әні» жобасы аясында ұйымдастырылған патриоттық ән байқауында да Нұрдәулет бас жүлдені ешкімге бермеді.
Білім мен өнерді қатар алып жүрген жеткіншекті сынып жетекшісі Айман Панасқызы үнемі өзгелерге үлгі етіп отырады.
– Нұрдәулет алғыр бала. Тапсырманы тиянақты орындап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Мектепте іс-шаралардың басым көпшілігі оның қатысуымен өтеді, – дейді ұстазы.
Ал ұлының өнерге жақын болуын әжесінің әншілігімен ұштастыратын анасы Әсемгүл Сәрсембаева:
– Нұрдәулеттің әжесі Миражан «Өрімтал» балабақшасында еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шықты. Бұрын «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі болған. Ұлымның өнерге жақын болуына әжесі және балабақшадағы музыка жетекшісі Роза Ахметованың қолдауының көп септігі тиді деп ойлаймын. Қазір мектепте ұстазы Айгүл Ізей талабын ұштап, білгенін үйретуде. Баламның бойындағы өнерін байқап, алға жетелеп жүрген жандарға алғысым шексіз, – дейді.

Ұлболсын ЕРБОЛҚЫЗЫ
15 наурыз 2022 ж. 995 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930