Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Модернизациялаудың мүмкіндігі мол

Модернизациялаудың мүмкіндігі мол

Наурыз айының 1-ші жұлдызында «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІІ Съезінде Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды міндетті орындауға кіріскенін мәлімдеп, партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс екенін айтты.
Осыдан 23 жыл бұрын құрылған партия халықты ортақ мақсатқа жұмылдырды. Қоғамға пайдалы көптеген бастамалар көтеріп, мемлекеттің қалыптасуына, дамуына орасан күш салды. Осының нақты жұмыстармен түрлі саяси науқандарда сайлаушылардың қолдауына ие болып, әлі күнге дейін халықтың сенімін арқалап келеді.
Келелі жиында Мəжіліс төрағасы Ерлан Қошанов партияның атын «Аманат» деп өзгерту туралы ұсыныс жасады. Бұл ұсынысты көпшілік қолдап, Мемлекет басшысының шешімімен «Nur Otan» партиясының атауы «Аманат» деп өзгертіліп, партияны модернизациялауда жеті басымдық жеке-жеке таныстырылды.
Олар:
Халықпен қарым-қатынаста кері байланыс эффективтілігін арттыру.
–Жергілікті жердегі партия өкілдіктерінің беделін көтеру.
– Партия жұмысында ашықтықты қамтамасыз ету.
– Партиялық бақылауды арттыру.
– Партия берген уәделерінің нақты іске асуы.
– Қоғамның әр саласымен байланыс орната білу
– «Jas Otan» жастар қанатын қайта жаңғырту.
Кез - келген маман иесі халықтың үлкен аманатын арқалап жүргенін естен шығармай, өз ісін үлкен жауапкершілікпен, маңдай терін төге жүріп, еңбек етіп, халқына адал қызмет етуі тиіс деп білемін. Аудандық мәслихат депутаты ретінде бұл тарихи өзгерістің мәні де, мағынасы да зор екенін атап өткім келеді. Алдағы уақытта халықпен бірлесе отырып, жаңа бетбұрыстарға толы міндеттерді адал атқарып шығамыз деген үмітім бар.
Ерболат МҰҚАШ,
"Nur Otan" партиясынан Қазалы аудандық мәслихат депутаты
05 наурыз 2022 ж. 318 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 60

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 38

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 64

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 76

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031