Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаңтар оқиғасы: қаза болғандардың отбасына 7 миллион теңге беріледі

Қаңтар оқиғасы: қаза болғандардың отбасына 7 миллион теңге беріледі

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі отырысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жараланғандар мен қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қор қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккендерге қолдау білдірді.
"Қаза болған әрбір әскери қызметшінің, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің, оқиғаның кездейсоқ құрбаны болған азаматтардың отбасына 7 миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Бұл ретте ауыр жараланған әскери қызметшілерге, ішкі істер және Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жараланған балалардың отбасына 3 миллион теңгеден бағытталады", - делінген хабарламада.
Қорға Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Республикалық гвардиядан 21 адам қаза тауып, 43 адам ауыр жарақат алғаны туралы ақпарат түскені хабарланды. Сонымен қатар, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннан қаза тапқан 3 бала мен жарақат алған 4 бала, сондай-ақ қаза болған бір көп балалы ана туралы ақпарат келіп түскен.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған 29 азамат туралы ақпарат жіберген. Бұл тізімнің үшеуі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл тізімінде, екеуі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тізімінде қайталанады.
28 ақпан 2022 ж. 541 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 26

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 27

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 28

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 29

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031