Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің бірқатар кен орны аукционға шығарылады

Еліміздің бірқатар кен орны аукционға шығарылады

Аукциондарды өткізу туралы ақпарат мемлекеттік органдардың республикалық баспа басылымдарында және интернет-ресурстарында міндетті түрде орналастырылады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатының кен орындарын тексеру мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды, primeminister.kz.
Ведомствоның мәліметінше, үкімет жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осылайша, талдау барысында уәкілетті органдар міндеттемелерін дұрыс орындамай отырған қатты пайдалы қазбаларға қатысты 148 және көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшартты анықтады.
Тиісті Жол картасы аясында тоқтату туралы тиісті хабарламалар жіберілетін шарттар мен лицензияларды анықтау жоспарлануда. Осы жұмыстардың нәтижесінде кен орындары жаңа инвесторларға беру үшін аукционға шығарылады. Аукционда жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну барлық мүдделі инвесторлардың қатысуына тең мүмкіндік береді.
Аукциондарды өткізу туралы ақпарат мемлекеттік органдардың республикалық баспа басылымдарында және интернет-ресурстарында міндетті түрде орналастырылады. Қабылданып жатқан шаралардың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласына, бірінші кезекте қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру бойынша инвестициялар ағыны ұлғаяды. Үкіметтің осы бағыттағы жұмысы жалғастырылады.
21 ақпан 2022 ж. 483 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 129

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031