Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда өндірілетін мұнай көлемі төмендеген

Қазақстанда өндірілетін мұнай көлемі төмендеген

Кейбір облыстарда жыл сайын өндірілетін мұнай көлемінің төмендеуі байқалады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі күні пайдалы қазбалар өсімінің қатты пайдалы қазбалар бойынша оларды өндіру көлеміне арақатынасының коэффициенті орта есеппен - 0,13, ал көмірсутек шикізаты бойынша - 0,9 құрайды. Сонымен қатар Қазақстанда көмірсутектер және ҚПҚ бойынша да үлкен перспективалар бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз геология саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірлеуге кірістік. Толық зерттелмеген шөгінді бассейндердің мұнай-газ әлеуетін анықтау және тау-кен аудандары шегіндегі "терең горизонттарды зерттеу көзделіп отыр. Жобаны іске асыру аумақты зерттеуге, пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстары кезінде халықты жұмыспен қамтуға, инвестициялар тартуға және тау-кен байыту комбинаттарын салу мен пайдалану кезінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуге септігін тигізеді, - деді Мағзұм Мырзағалиев халыққа есеп беру кездесуінде.
Биыл "Ұлттық минералды ресурстар банкі" ақпараттық жүйесі пайдалануға беріледі. Министр атап өткендей, жүйе инвесторларды тартуға мүмкіндік береді.

Геологиялық ақпараттың электрондық базасына қол жеткізу мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасын цифрлық форматқа көшіруге мүмкіндік береді. 2020 жылы барлау/өндіру, геологиялық ақпаратты сатып алуға лицензиялар беру секілді бірқатар бизнес-процестер әзірленді, мемлекеттік деректер базасымен интеграциялар жүргізілді, - деді ол.
14 маусым 2021 ж. 914 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 248

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031