Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Нұргүл Мауберлинова Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды. Үкімет қаулысымен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұргүл Мауберлинова 1973 жылдың қараша айында Қарағанды облысында дүниеге келген.
Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдар құрылымында және коммерциялық секторда жұмыс істеді.
2006-2008 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшысы.
2008-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.
2012-2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
2016-2018 жылдары — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы.
2018-2019 жылдары — ҚР ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары.
2019-2020 жылдары — ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары.
2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды.
17 ақпан 2022 ж. 626 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930