Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘМС жүйесінде биыл қандай өзгерістер болды

МӘМС жүйесінде биыл қандай өзгерістер болды

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде қандай өзгерістер болды және сақтандырылмаған науқастар қандай көмекке жүгіне алады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Әлия Жүсіпова түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлия Жүсіпованың айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің өсуіне байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді. «Жұмыс беруші жұмыскердің жалақысының 3 пайызын аударады, бірақ 18 мың теңгеден аспайды, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ аспауы тиіс. Егер қызметкер 15 жеңілдік санатының біріне жататын болса, онда ол үшін аударым жасаудың қажеті жоқ», - деп түсіндірді Әлия Жүсіпова. Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2 пайызын аударады, бірақ 12 мың теңгеден аспайды, өйткені есептеу объектісі 10 ЕТЖ аспауы тиіс. Дара кәсіпкерлер және жеке тәжірибемен айналысатын адамдар – ЕТЖ 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы немесе 4 200 теңге. Өзін - өзі жұмыспен қамтыған азаматтар БЖТ төлейді: қала тұрғындары үшін - 1 АЕК немесе 3 063 теңге; ауыл тұрғындары үшін-0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге. Дербес төлеушілер-ЕТЖ-нің 5 пайызы немесе 3 000 теңге. Мемлекет азаматтардың жеңілдікті 15 санаты үшін төлейді-бұл 11 миллионнан астам адам. Ағымдағы жылы бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды. «Науқаста белгіленген әлеуметтік мәні бар ауру болған салалық мамандардың мерзімді жоспарға сай баруы, диагностикалық зерттеулер (аспаптық және зертханалық), сондай-ақ учаскелік дәрігер мен мейірбикенің қабылдауы және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету әлеуметтік маңызы бар ауруды амбулаториялық деңгейде емдеу тізбесіне кіреді. Егер науқаста созылмалы аурудың асқынуы пайда болса немесе жоспарлы сауықтыру талап етілсе, онда мұндай науқас күндізгі немесе тәуліктік стационарға жатқызылуы мүмкін», - деп атап толықтырды Ә.Жүсіпова. Ол атап өткендей, сақтандырылмаған науқас тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККК) тізбесіне кіретін қызметтерді, яғни жедел медициналық көмекті, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ала алады. Оның ішінде учаскелік дәрігерді қабылдау, ауруларды диагностикалау және емдеу, профилактика, сауықтыру, иммундау, салауатты өмір салтын ұстану, актив, патронаж, созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық (диспансерлік) бақылау, созылмалы аурулар мен әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу кезінде күндізгі стационарда және тәулік бойы стационарда медициналық көмек көрсету,туберкулез бойынша медициналық оңалту, паллиативтік көмек, транспланттау, шетелде емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бар.

14 ақпан 2022 ж. 627 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 21

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930