Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 30°C аяз болады: синоптиктер ауа райына болжам жасады

30°C аяз болады: синоптиктер ауа райына болжам жасады

Республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады – жауын-шашын түседі, жел күшейеді. Қазгидромет алдағы үш күнде – 8-10 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты.
Синоптиктердің болжамынша, кезең басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын және тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Кезеңнің соңына қарай елдің солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібір аудандарынан антициклон ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Солтүстік өңірлерде түнде -15...-28°C, орталық өңірлерде -15...-25°C, шығыста -15...-30°C градус аяз күтілуде.
8 ақпанда ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -8, күндіз -5 градус.
Алматыда күн бұлтты, түнде -3, күндіз -1 градус суық.
Шымкентте күн бұлтты, аздап қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -2 градус суық, күндіз +2 градус жылы.
07 ақпан 2022 ж. 654 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 239

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031