Елордада қоқыс қалдықтарын төккен 78 жүргізуші жауапқа тартылды
Елордада жыл басынан бері белгіленбеген орынға қоқыс қалдықтарын төккен 78 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен стихиялық қоқыс қалдықтарын төгуге жол бермеуге бағытталған іс-шаралар тұрақты жүргізіліп отырады.
Осы мақсатта қоқыс қалдықтары көптеп төгілетін жерлерге тексерістер жүргізілуде. Тұрғындар арасында әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін берілетін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Осы жылдың ақпан айында ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері «Газель» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Беляков көшесінің бойында сондай-ақ, «Хан Шатыр» ОСО артында «Камаз» маркалы автокөлігінің жүргізушісі белгіленбеген орында қар төккені анықталды. Аталмыш құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабы «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу...» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 15 АЕК (36075 тг) көлемінде айыппұл салынды. Жалпы 2018 жылдың басынан бері белгіленбеген орында қоқыс қалдықтарын, қарларды шығарып, лас сұйықтықты төккен 78 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы соммасы 2 млн. теңгеден астам.
inform.kz