Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда "омикрон" штамы бар-жоғын анықтап жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда "омикрон" штамы бар-жоғын анықтап жатыр

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда коронавирустың жаңа "омикрон" штамын жұқтырғандар жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінге дейін Қазақстанда "омикрон" штамы анықталған жоқ, вирустың секвенциясы бойынша жұмыс жалғасып жатыр, біз бұл жұмысты ай сайын тұрақты түрде жүргіземіз. Бүгін үкімет отырысында да жұмысты жалғастыру және күшейту туралы қосымша шешім қабылданды. Нәтижесі желтоқсанның үшінші онкүндігінде белгілі болады", - деді вице-министр үкімет отырысында.
Оның айтуынша, "омикрон" штамы ПТР тестіне сезімтал.
"Бұл дегеніміз, ПТР тестілеуі барлық науқастырды анықтайды. Бірақ мұны істеу үшін бізге вирустың қосымша реттілігін жүргізу керек, бұл өте көп уақытты қажет ететін, ұзақ процесс. Шамамен 2-4 апта кетеді. Біз бұл жұмысты енді бастадық, желтоқсан айының соңында Қазақстан аумағында айналымдағы штамдардың түрлері туралы толық ақпарат болады", - деді Шоранов.
30 қараша 2021 ж. 531 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031