Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Демеу» ұсынған мүмкіндіктер мол

«Демеу» ұсынған мүмкіндіктер мол

Атырау облысы Жылыой ауданындағы «Ой-Сана» психологтар қоғамдық бірлестігінің жобалар бойынша жетекшісі Ләйла Сұлтанбаева арнайы қажеттілігі бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестен өтудің қолайлы ұйымдастырылуы аса маңызды екендігін алға тартты. 
«Демеу» әлеуметтік-волонтерлік жобасы ұсынған гранттың иегері атандық. Осы грант шеңберінде  «Демеу» әлеуметтік  волонтерлік жобасының аясында облыстағы Жылыой ауданына қарасты Жаңа-Қаратон, Қосшағыл, Тұрғызба (Ембі) ауылдарында мүмкіндігі шектеулі, яғни арнайы қажеттілігі бар балаларға ПМПК ұйымдастырдық. Шалғайдағы ауылдарға арнайы барған кеңестің құрамында психолог, дефектолог, логопед, дәрігер және әлеуметтік педагог сынды мамандар болды. Осылайша, арнайы қажеттілігі бар балаларды қабылдап, олардың ата-анасына кеңес бердік. Көбісінің диагноздары ескі немесе жаңадан диагноз ала алмай жүргендер жетерлік. Аудан бойынша кемінде 50-60 бала педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстарына аса мұқтаж екендігі анықталды. Әлі қаралмаған балалар бар. Тілінің шығуы кешеуілдеген немесе психикалық ерекшелікке ие баласын алып келген әр анаға көмек көрсетілді, - деп атап өтті Ләйла Сұлтанбаева. 
Сонымен қатар бірлестік жетекшісі ПМПК-дан өту үшін денсаулығында кінәраты бар баласымен қалаға келу аналарға қиын соғатынын жеткізді. 

Отбасын үйге қалдырып, мүгедектігі бар баласымен қалаға ат терлетіп бару оңай емес. Сол үшін де біз мамандарды арнайы шалғай елдімекендерге апарып, балаларды кеңестен өткізуге аз да болса жағдай жасауға себепші болуға тырыстық. ПМПК-дан тыс, осы шалғай елдімекендерге заңгердің және бизнес-бапкердің де кеңесін, бизнес-тренингтер ұйымдастырдық. Олардың кеңесіне көбінесе ер адамдар жүгінді. 500-ге жуық адам топтық кеңестер алды. Психолог мамандар мен пән мұғалімдеріне инклюзивті білім беру негіздері бойынша консультациялық бағыттағы семинар өтті. 320 адам жеке кеңес алды, - деді ұйымның жобалар бойынша жетекшісі. 
Бірлестік жетекшісі алдағы уақытта психологиялық көмек жалғасын табады деп отыр.
07 желтоқсан 2021 ж. 408 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.
Атамның әңгімесі

Атамның әңгімесі

03 мамыр 2024 ж.
Кіндік шешеңіз кім?

Кіндік шешеңіз кім?

12 наурыз 2024 ж.
Көнеден қалған мұра

Көнеден қалған мұра

20 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930