Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балаға берілетін жәрдемақы – 2022: кімге, қалай және қанша төленеді?

Балаға берілетін жәрдемақы – 2022: кімге, қалай және қанша төленеді?

2022 жылы айлық есептік көрсеткіш 3 063 теңгеге дейін өседі. Осыған байланысты қазақстандық аналардың жәрдемақысы мен жөргекпұл мөлшері де артады.

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.
  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 116 394 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 192 969 теңге.
Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке төленеді.

Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы

Бұл жәрдемақы балаға қарайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады. Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы сәби бір жасқа толық толғанға дейін төленеді.
  • бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 17 643 теңге;
  • екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 20 859 теңге;
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 24 044 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 27 261 теңге.
Декретке дейін жұмыс істеген әйелдердің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек. Ол былай есептеледі: соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентке көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастау керек.

 Мысалы, сіз соңғы екі жылда 4 200 000 теңге табыс таптыңыз делік. Осы соманы 24 айға бөлеміз: 4 200 000/24= 175 000 теңге.
175 000 теңге – сіздің ай сайынғы орташа кірісіңіз.
Енді осы көрсеткішті 0,4 коэффициентке көбейтеміз: 175 000*0,4 = 70 000 теңге.
Одан 10% зейнетақы жарнасын шегереміз, бұл 7000 теңге, сонда 63 000 теңге қалады.
Яғни, сіздің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы жәрдемақыңыз – 63 мың теңге.

Жүктілікке және босануға байланысты төлем

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлем төленеді.
Оның мөлшері былай есептеледі:
орташа айлық табысты еңбекке жарамсыздық күндері коэффициентіне көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастайсыз.
Бір ескеретін жайт: егер еңбекке жарамсыздық парағы 126 күнге берілсе, онда коэффициент 4,2-ге, ал егер 140 күнге берілсе, онда 4,7-ге тең.
Мысалы, сіз соңғы бір жылда міндетті зейнетақы жарнасын шегергенде, 1 944 000 теңге табыс таптыңыз:
1 944 000 тенге / 12 = 162 000 теңге (орташа айлық табыс),
162 000 теңге * 4,2 = 680 400 теңге;
Осы сомадан 10% зейнетақы жарнасын шегересіз: 680 400 – 68 040 = 612 360 теңге.
Яғни сіздің шотыңызға жүктілікке және босануға байланысты 612 360 теңге біржолғы әлеуметтік төлем аударылады.

"Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 6,4 АЕК немесе 2022 жылы 19 603 теңгеге тең болады.

Көпбалалы аналарға қанша жәрдемақы төленеді

2020 жылдың қаңтарынан кәмелетке толмаған 4 және одан көп немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар үшін жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Ол отбасының кірісіне қарамастан барлық көпбалалы жанұяға бала санына қарай төленеді.
2022 жылы оның мөлшері:
  • 4 балаға – 16,03 АЕК немесе 49 100 теңге; 
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 61 382 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 73 665 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 85 948 теңге;
  • 8 және одан көп баласы бар отбасыларға 32,06 АЕК немесе 98 200 теңге және одан кейінгі әр бала үшін 4 АЕК.
30 қараша 2021 ж. 12 598 0

Тиісіп қоймады ғой

15 сәуір 2024 ж. 71

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930