Асқар Мамин: "2025 жылы халық 100 пайыз таза cу іше алады"
Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында 2025 жылдың соңына дейін халықтың 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті қойылғанын айтты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Үкімет басшысы оның шешімі Nur Otan партиясының бағдарламасында және өңірлерді дамыту бойынша қабылданған ұлттық жоба аясында қарастырылған деп отыр.
Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ауылдар 91,8 пайыз, қалалар 98 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Қалған 1922 ауылдық елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмысы жалғасады,— деді Асқар Мамин.
Ол ауыз сумен қамтамасыз етілу пайызы төмен өңірлерге, әсіресе Қостанай (64,7%), Шығыс Қазақстан (81,4%), Солтүстік Қазақстан (82,1%) және Жамбыл (82,2%) облыстарына келесі жылы көрсеткіштерді орташа республикалық деңгейге жеткізуді тапсырды. Бұл ретте елді мекендердің ішіндегі сумен жабдықтау жобаларын (барлау жұмыстары, ЖСҚ әзірлеу) іске асырудың барлық сатылары топтық су құбырларының инфрақұрылымын жүргізу жоспарларымен үйлестірілуі тиіс деп атап өтті.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, елімізде 6 316 ауыл бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған.