Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көп еңбегі көңілді

Көп еңбегі көңілді

Халық арасында “Кеңсенің адамы болма, кеңестің адамы бол” деген бар. Бүгінде осы қағиданы көпшілік жүзеге асырып жүр десек артық айтқанымыз емес. Оған дәлел біздің аудандағы кәсіпкерлік саласының қарқынды дамуы. Осы күні кәсіп ашқан қазалылықтардың саны бес мыңнан асып тұр. Олардың қатары тағы да ұлғаюда. Олай деуге себеп те жоқ емес. Жуырда Әйтеке би кентінің тұрғыны Мұратбек Ермекқалиев өз ісін ілгерілету мақсатында Ауылды қаржылай қолдау қорынан 3 миллион теңге несие алды. Қомақты қаржыға борттық “Газель” маркалы автокөлік иемденді.
Қазір аудан бойынша астындағы көлігімен той-томалаққа арналған 70 адамға тақталған арнайы палатка үстел, орындықтарымен және қазан-ошақ жалға беріп, өзі жеткізіп берумен айналысады.
– Бұрынғыдай кеңшілік заман келмеске кетті. Бүгінгідей нарық қыспаққа алған уақытта “Алма піс, аузыма түс” деп қарап жатуға болмайды. ­Зайыбым Әлия екеуміз 5 бала тәрбиелеп отырмыз. Ұрпақ саның көбейгені жақсы. Дегенмен оларға қажетті материалдық жағынан қыспаққа алмай, жақсы жағдай жасау ата-ананың міндеті. Сонымен қатар оларды да еңбекке баулу, өмірге бейімдеу де әке-шешенің парызы деп санаймын. Сондықтан бір күн де бос отырмаудың қамымен 3 жыл бұрын жеңіл көлікпен таксист қызметін қолға алдым. Қосымша тоқпен дәнекерлеуші ісін меңгердім. Кейін ойлана келе осындай тойға керек жабдықтарды жалға беруді жүзеге асырдым. Бірақ көлік қатынасына шығыным басым болғандықтан, несие алуды ойладым.
Шүкір, жақсы табыс кіруде. Жеңілдігі де тиімді. Жылына 4 процентпен қарызды өтеп тұрмын, – дейді іскер кәсіпкер.
Еңбекқор жанның айтуынша, құрал-жабдықтардың барлығын жаңадан алған. Халықтың көңілінен шығу үшін құралдарды, сондай-ақ дастарқанды ай сайын жаңартып тұрады. Алдағы уақытта отбасылық ісінің қызметтік аясын кеңейтіп, ыдыс-аяқтар ұсынуды діттеп отыр.

А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
26 қазан 2021 ж. 394 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930