Бүгін екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі
Фото: pixabay.com
Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – тынық ауа, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай кезде зиянды және ластаушы заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуы мүмкін.
7 қазанда Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болжанып отыр. Тұрғындарға қозғалысты жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеруге кеңес берілді.
Синоптиктердің мәліметінше, 7 қазанда Алматы мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай дегеніміз – тынық ауа, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай кезде зиянды және ластаушы заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналуы мүмкін.
ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап, бұл адам денсаулығына кері әсер етуі ықтимал. Ауадағы ластану деңгейіне жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы сияқты факторлар әсер етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде:
- ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздеріне жақын жерлерде ұзақ жүрмеу;
- балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ уақыт серуендеуден бас тарту;
- созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдардың сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі;
- ашық ауадағы дене жүктемесін шектеу;
- дене шынықтыру мен спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу ұсынылады.









