Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпір құрылысы қарқын алды

Көпір құрылысы қарқын алды

Аудандық маңызы бар «Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» автомобиль жолының бойындағы Қарлан көпірі мен Қожабақы ауылы маңындағы темірбетон көпірді қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қазіргі таңда құрылыс нысанында көпірдің негізгі конструкциялық элементтерін орнату жұмыстары атқарылуда. Жоспарланған 84 свайды қағу жұмыстары толық аяқталған. Сондай-ақ 8 тіреудің 7-еуі орнатылып, соңғы тіреуді монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, көпірге қажетті 8 ригельдің 6-уы дайындалып, қалған екі ригельді орнату жұмыстары жүзеге асырылуда. Құрылыс барысы белгіленген жоспарға сәйкес жалғасуда.
Нысанда жұмыстарды сапалы әрі жедел орындау үшін 30 арнайы техника мен 80 жұмысшы жұмылдырылған. Жобаның жалпы құны – 6 млрд 746 млн теңге.
Қарлан көпірінің пайдалануға берілуі Сырдария өзенінің қос бетіндегі елді мекендердің арасындағы қатынасты едәуір жеңілдетпек. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық байланыстарының нығаюына мүмкіндік береді.
Жол-көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған бұл жоба елді мекендер арасындағы байланысты жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қатынауын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
06 қазан 2026 ж. 80 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031