Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпқабатты үйлердің ауласынан спорт алаңы салынуда

Көпқабатты үйлердің ауласынан спорт алаңы салынуда

Әйтеке би кентіндегі Желтоқсан мен Жалдыбай жырау көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына спорт алаңы салынуда. Спорт алаңының құрылысын «Намыс құрылыс» серіктестігі жүргізуде.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев спорт алаңына арнайы барып, құрылыс жұмыстарымен танысты.
Аудан басшысына жаңадан салынып жатқан спорт алаңы туралы Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров айтып берді.
– Спорт алаңының көлемі 15х30 метр. Бұл алаңның басқалардан ерекшілігі – ол әмбебаптығында. Мәселен жасанды төсеніш төселген алаңда балалар футбол, волейбол және баскетбол ойнай алады. Алаңның төрт бұрышына жарықшам орнатылып, айналасына отыратын орындықтар қойылады, – деді Қайрақбай Орынбасаров.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалыда балалардың бос уақытын тиімді пайдаланатын осындай спорт алаңдары көптен салыну қажеттігін айтып, мердігер мекеменің жауапты өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
30 қыркүйек 2021 ж. 893 0

Бозкілемнің барысы

18 сәуір 2026 ж. 44

Көптен күткен игілік

18 сәуір 2026 ж. 45

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930