Шетелден 12,4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелдік
Қазақстанда фармацевтикалық препараттар бір жылда 3% қымбаттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
2021 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша фармацевтикалық препараттардың бағасы бір айда 0,3%, ал бір жылда 3,3% көтерілген. Жылдық динамикада дәрі-дәрмектер бағасы Маңғыстау облысында айтарлықтай өскен – 14,1%. Сондай-ақ препараттар Нұр-Сұлтан (10,9%) және Ақмола облысында (9,1% - ға) қымбаттаған. Қостанай, Павлодар (әр өңірде 0,1%) және Жамбыл (2,9%) облыстарында дәрі-дәрмектер мен өзге де фармацевтикалық препараттар арзандады. Фармацевтикалық препараттар бір жылда «Хилак форте» (30 мл) 17,9% немесе 1,6 мың теңге, «Эссенциале форте Н» (30 капсула) – 10,3% немесе 2,9 мың теңге, «Но-шпа» (40 мг, 100 таблеток) – 10,2%, немесе 2,7 мың теңге, «Корвалол» (25 мл) – 9% немесе 180 теңге, «Аквалор» (125 мл) – 8,4% немесе 2 мың теңгеге қымбаттаған. Сондай-ақ «Ренни», «Омез», «Ксимелин», «Ингавирин», амброксол және басқа да препарат бағасы айтарлықтай өскен. «Верошпирон» (100 мг, 30 капсула) бағасы өзгеріссіз қалды – 2,2 мың теңге. Жылдық динамикада «Фенистил Нью» (20 мл) – 0,1% немесе 2 мың теңге, «Гипотиазид» (25 мг, 20 таблеток) – 1,8% немесе 1,1 мың теңге, «Азитромицин» (500 мг, 3 таблетки) – 3,4% немесе 949 теңге, парацетамол (10 таблеток) – 5% немесе 81 теңге, ацетилсалицил қышқылы (10 таблетка) – 10,4% немесе 51 теңгеге арзандаған. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанға 615,8 млн доллар болатын 12,4 мың тонна дәрі-дәрмек жеткізілген. Өсім заттай көріністе – 70,7%, ақшалай көріністе – 92,4%. ТМД елдерінің үлесінде – дәрі-дәрмек импортының 42,9% немесе 5,3 мың тонна препарат. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 59,9% артық. Жыл басынан бері Ресейден 38,4 млн доллардың 4,1 мың тонна дәрі-дәрмегі жеткізілді. Одан кейін тізімде Беларусь (454,5 тонна) және Украина (449,6 тонна) тұр. ТМД-ға кірмейтін мемлекеттерден 7,1 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 81,8% артық. Мұнда ең көп көлем Қытай (5,4 млн доллар болатын 1,3 млн тонна дәрі-дәрмек), Үндістан (44,8 млн доллар болатын 1 млн тонна дәрі-дәрмек) және Германияға (107,8 млн доллар болатын 947 тонна дәрі-дәрмек) тиесілі. Айта кетейік, 2021 жылғы 27 тамыздағы Денсаулық сақтау министрі дәрілік заттың саудалық атауына арналған өндірушінің шекті бағасын, сондай-ақ бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаны бекітті.