Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 млн теңге сыйақыға пара туралы ақпарат бере аласыз

11 млн теңге сыйақыға пара туралы ақпарат бере аласыз

Ендігі жерде пара туралы ақпарат берген адамдарға 11 миллион теңгеге дейінгі сыйақы беріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара алғаны үшін ғана емес, бергені үшін де қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін тағы бір рет ескертті.

Қылмыстық кодекске сәйкес, пара берген адамның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айрылады. Сонымен қатар параның 20-60 еселенген көлеміндегі айыппұл немесе 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да бар.
— Мәселен Қостанай облысында сотталған адамға құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін лауазымды тұлғаға 800 мың теңге пара бергені үшін 24 миллион теңге айыппұлы салынды. Ал Шығыс Қазақстан облысында пара беруші коммуналдық қызметтің лауазымды тұлғасына пара бергені үшін 10 миллион теңгенің айыппұлын арқалады, – деді онлайн брифингте превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы.
Мәселен Алматы қаласында пара берген адам 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Осы күні 2 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын пара берген адамдар да жауапкершілікке тартылады. Ондай сыйлықтар үшін 200 АЕК (583 400 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
— Агенттіктің «1424» байланыс орталығына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат беруге шақырамыз. Ол үшін заң бойынша тиісті ақшалай сыйақымен марапаттау қарастырылған. Егер сіздің хабарламаңыз расталса, онда заң шеңберінде 80 мың теңгеден бастап 11 миллионға дейін ақшалай сыйақы алуға болады, – дейді Ғанижан Асанұлы.
Ресми мәліметке сүйенсек, биылғы жыл басынан бері республика бойынша сыбайлас жемқорлыққа барған 724 адам анықталған, олардың үштен бірі пара беріп ұсталғандар.
18 қыркүйек 2021 ж. 363 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930