Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас ұстаздар жазғы демалыс лагерінде

Жас ұстаздар жазғы демалыс лагерінде

Қазіргі таңда мектеп мұғалімдеріне білім берудің заманауи технология­сын меңгеру мен жаңа әдістерді іс жүзінде қолдануға зор мүмкіндік жасалып отыр. Әсіресе Жастар жылы аясында ұстаздардың білімін арттырып, тәжірибесін толыстыру мақсатында көптеген шара ұйымдастырылуда.

Баланы оқыту әдістері арқылы бір-бірімен тәжірибе алмасу ұстаздық шыңына ұмтылған жастардың тұлғалық қасиетін дамытатыны сөзсіз. Сол себепті аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті мен “Серпін” жас­тар кеңесі бірлесіп, «Шағала» демалыс орталығында “Жастар – кәсіподақ өзегі, Мәңгілік ел тірегі” атты жас ұстаздардың жазғы лагерін ұйымдастырды.
Үш күнге созылған жиында ауданның 37 мектебі мен балабақшаларынан келген 60-қа жуық жас мұғалім әртүрлі сайыс түрінен сынға түсті. Алдын ала дайындалған бағдарламаға сәйкес олар үш топқа бөлініп жарысты. Өнерін ортаға салып, бойларындағы қабілеттерін аша білді. Лагерьдің алғашқы күнінде жастардың қарым-қатынас этикасын сақтай отырып, нақты мақсат қоюға, мойынға артылған міндетті жауапкершілікпен орындауға шақыру мақсатында “Тұлғааралық қарым-қатынаста жетістікке жету жолдары”, “Жастар жылы – жасампаздық бастау” тақырыбында коучинг пен тренингтер өтті. Лагерьдің ашылу салтанатында ұйымдастырылған “Жұлдызды сәт” сайысында әр топ өз визиткасын таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар алау маңындағы басқосу өткізілді. Шараға келген ұстаздар жаңа оқу жылы қарсаңындағы бұл демалысты жоғары бағалап отыр.
– Жас ұстаздардың жоғары оқу орындарынан алған жаңашыл әдістерімен, ұстаздыққа кіріскеннен кейінгі еңбек өтілі мол, алдыңғы буын мұғалімдерден үйренген оқыту тәсілдерімен таныстық. Қызықты спорттық сайыстар мен білім бәсекелеріне қатыстық. Әсіресе “Достық” марафоны біздер үшін жаңа биікті бағындырғанмен бірдей болды. 10 шақырымдық қашықтықты еңсердік. Өзім жетекшілік еткен “Эверест” командасы атынан керемет демалысты ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды шаралар көптеп өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді, – дейді №94 мектептің ағылшын пәні мұғалімі Әмірбек Жарылқап.

Ринат ҚАЙРАТҰЛЫ
27 тамыз 2019 ж. 968 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 32

Отыз жылдық белес

30 қараша 2024 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930