Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "ЖИ арқылы жасалған": енді ChatGPT мәтіндерінде көзге көрінбейтін белгілер болады

"ЖИ арқылы жасалған": енді ChatGPT мәтіндерінде көзге көрінбейтін белгілер болады

ЖИ арқылы жасалған: ChatGPT мәтіндерінде енді көзге көрінбейтін белгілер болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 13:39Сурет: pexels
OpenAI ChatGPT пен Codex мәтіндеріне көзге көрінбейтін сутаңбалар енгізеді. Жаңа технология мәтінді жасау немесе өңдеу кезінде жасанды интеллект қолданылғанын анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания textGrain деп аталатын мәтіндік сутаңба технологиясын таныстырды. Ол кейін арнайы детектор анықтай алатын көзге көрінбейтін статистикалық сигнал қосады.
"Алдағы бірнеше аптада Еуропалық одақ елдеріндегі ChatGPT пен Codex-тің мәтіндік жауаптарында сутаңбалар пайда болады. Басқа елдердегі пайдаланушылар кейбір модельдер үшін сутаңбаларды өз қалауы бойынша қоса алады. Қалыпты нұсқаулықта бұл функция өшірулі болады", – делінген компанияның хабарламасында.
OpenAI технологияның шектеулері бар екенін атап өтті. Мысалы, қысқа мәтіндерді анықтау қиынырақ, ал мәтінді өңдеу немесе сөздерді синонимдермен ауыстыру сутаңбаның белгісін айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Сонымен қатар сутаңбаның болуы мәтіннің авторын анықтауға, адам үлесін бағалауға немесе ақпараттың шынайылығын тексеруге мүмкіндік бермейді.
Компания әзірге детекторды көпшілікке қолжетімді етуді жоспарлап отырған жоқ.
Бұған дейін OpenAI қауіпсіздік бөлімінің басшысы Дэвид Робинсон компаниядан кеткен болатын. Ол компанияның корпоративтік мәдениетіне қатысты мәселелер мен жасанды интеллект әзірлеушілерінің қауіпсіздікке жеткілікті мән бермейтінін айтқан.
06 қазан 2026 ж. 23 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031