Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер қажет емес: Қазақстанда қай кезде медбикеге қаралуға болатыны түсіндірілді

Дәрігер қажет емес: Қазақстанда қай кезде медбикеге қаралуға болатыны түсіндірілді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығында қай кезде дәрігерге, ал қандай жағдайда медбикеге қаралу жеткілікті екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда дәрігер қабылдауына үйден шықпай-ақ eGov мобильді қосымшасы немесе DamuMed сервисі арқылы жазылуға болады. Мамандардың айтуынша, барлық жағдайда бірден дәрігерге жүгіну қажет емес.
Дәрігер қабылдауы қажет жағдайлар:
  • Жаңа ауырсыну пайда болғанда, денсаулық жағдайы нашарлағанда, дене қызуы көтерілгенде, бөртпе немесе басқа да жіті ауру белгілері байқалғанда;
  • Тексеруден өту, кеңейтілген консультация алу және медициналық диагноз қою қажет болғанда, сондай-ақ жаңа дәрі-дәрмектерді тағайындау немесе олардың дозасын өзгерту кезінде;
  • Орта буын медицина қызметкері жүргізе алмайтын бейінді маманның тексеруі қажет болғанда.
Медбикенің қабылдауы жеткілікті жағдайлар:
  • Созылмалы ауруы тұрақты жағдайда болып, жаңа шағымдар болмаған кезде;
  • Бұған дейін қойылған диагноз бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында рецепт алу, стандартты талдауларға жолдама рәсімдеу және дәрігер тағайындаған қайталама рецепттерді алу қажет болғанда;
  • Артериялық қысымды, бойды, салмақты және дене қызуын өлшеу, тиісті шағымдар болған жағдайда тамақты тексеру, сондай-ақ қандағы қант деңгейін өлшеу қажет болғанда;
  • Дәрігердің тағайындауы бойынша қайталама рецепт алу; Анықтамалар мен үзінді көшірмелерді рәсімдеу қажет болғанда.
Қазақстанда жедел жәрдем бригадасының қозғалысын енді геолокация арқылы бақылауға болады. Тиісті бұйрық 2026 жылғы 13 қазаннан бастап күшіне енеді.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі бұйрығымен денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлкеттік нормативі бекітілді.
06 қазан 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031