Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ChatGPT-те киімді виртуал киіп көру функциясы пайда болды

ChatGPT-те киімді виртуал киіп көру функциясы пайда болды

Фото: Жасанды интеллект
OpenAI компаниясы ChatGPT платформасында онлайн саудаға бағытталған жаңа функцияны таныстырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Енді пайдаланушылар киім мен аксессуарларды виртуал киіп көріп, ұнаған тауарларды кейін қайта қарау үшін сақтай алады.
Виртуал киіп көру үшін пайдаланушы бойы толықтай көрінетін сурет жүктеп, қандай киім киіп көргісі келетінін таңдайды. ChatGPT-тің тауар іздеу нәтижелерінде осыған арналған Try On («Киіп көру») батырмасы пайда болған.
Дүкендегі тауар суретін немесе скриншотын жүктеп, оны өз фотоңызға кигізіп көрсетуді сұрауға болады. Осылайша, киім сатып алмас бұрын оның үстіңізде қалай тұратынын алдын ала бағалауға болады.
Виртуал киіп көру мүмкіндігі жаңа ChatGPT Images 2.5 моделінде іске қосылған. OpenAI мәліметінше, жаңа модель суреттегі жарық пен текстураны табиғи етіп көрсетеді, берілген нұсқауларды дәлірек орындайды әрі кескінді бұрынғыдан жылдамырақ жасайды.
ChatGPT-те Favorites («Таңдаулылар») функциясы да іске қосылды. Оның көмегімен пайдаланушылар іздеу барысында ұнаған тауарларын қосымшадағы арнайы кітапханаға сақтай алады. Виртуал киіп көру кезінде жасалған суреттер де сол жерде сақталады.
Бұдан бөлек, ChatGPT арқылы белгілі бір стильге сәйкес толық образ құрастыруға болады. Мысалы, пайдаланушы қалаған стилін сипаттап, сол образға қажет әрі сатып алуға болатын киімдер мен аксессуарлар жиынтығын тауып беруді сұрай алады.
Тағы бір мүмкіндік – белгілі бір адамның киім үлгісін көрсететін сурет жүктеп, фотодағы киімдерге ұқсас немесе сол заттардың өзін сатып алуға болатын нұсқаларын іздеу.
Виртуал киіп көру технологиясы бұған дейін де болған. Мысалы, Google мұндай функцияны 2025 жылы іске қосқан еді.
06 қазан 2026 ж. 31 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031