Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел дамуы маңызды

Ел дамуы маңызды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа арнаған кезекті Жолдауы "Жаңа жағдайдағы қазақстан: Іс-қимыл кезеңі" тақырыбында болды. Мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі мен құқықтық реформаларға басымдық берді.
Мемлекет тарапынан әлеуметтік саладағы және экономиканы қолдауға бағытталған барлық міндеттемелердің орындалатынын, бұл мақсатта Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінетіні айтылды. Ауыл шаруашылығын дамытып, бәсекеге қабілетті экономика құру үшін бұл салада жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін" арзан несиенің" болмауы, кәсіби мамандар тапшылығы кері әсер беретінін атап көрсетті. Білім саласындағы басты мәселе-ұстаздар жалақысының аздығы. Осы мақсатта 2021 жылдың қаңтар айынан бастап ұстаздардың еңбекақысы 25% көбейетіні айтылды. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінбекші екен. 2023 жылға қарай дәрігерлер жалақысы экономикалық орташа жалақыдан екі есе көбейетінін мәлімдеді. Жалпы әлеуметтік сала мамандарының алдағы кезеңдерде жалақылары жоғарылап, елге қызмет сапасы артатын сыңайлы. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу қажеттігі және осы тұрғыда құқық қорғау, сот жүйелеріне негізгі рөл жүктелетіні де нақты айтылды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізу уақыт күттірмейтін мәселе екені, осы бағытта қатаң шаралар қолданылатыны да айтылды. Жолдауда көтерілген мәселелер мен алдағы уақытта атқарылар жоспарлар, еліміздің дамуы үшін маңызды. Қазақстан халқының жаңа жағдайдағы, іс-қимыл кезеңіне бағытталған жолдаудың жүзеге асырылуында әрбір қазақстандықтың үлесі бар. Әрқашан еліміз аман болсын!
Сәнімкүл КҮЛІКБАЕВА, 
"Қазалы ынтымағы" қоғамдық бірлестігінің басшысы
04 қыркүйек 2020 ж. 850 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 62

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930