Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі реформалардың басты ерекшеліктерін атады

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі реформалардың басты ерекшеліктерін атады

Ауқымды өзгерістер мен үстірт көзқарас ешқашан бірге жүрмейді, бір-біріне кедергі болады. Бұл туралы III Стратегиялық серіктестер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

а
Фото: Ақорда
- Реформаларымыздың ең басты бөлігі — бұл Конституцияның қабылдануы. Азаматтарымыз жалпыұлттық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасады. Қазақстанның жаңа Конституциясы заңды күшіне енді. Конституцияда еліміздің мақсат-мұраты мен болашақтағы бейнесі айқын көрініс тапты. Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі, жеріміздің тұтастығы, азаматтарымыздың заңды құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің қастерлі құндылығы деп танылды, - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қоғамда заң мен тәртіпті орнықтыру, жалпыұлттық бірлікті бекемдеу, халықтың әл-ауқатын арттыру бұлжымас қағидат ретінде бекітілді. Адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны дамыту стратегиялық міндет деп белгіленді.
- Конституция ауқымды өзгерістердің жаңа шешуші кезеңіне жол ашты. Елімізде мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі жаңғырды. Қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай келіп, қазіргі таңда заң жобаларымен айналысуда. Жаңа мекеме — Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты құрылды. Ең жоғары консультативтік орган — Қазақстан Халық Кеңесі өз жұмысын бастады, - деді Президент.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, түбегейлі өзгерістер қоғамның барлық саласында жүргізілетін болды.
- Азаматтарымыз қазірдің өзінде реформалардың оң ықпалына, игілігіне көз жеткізді. Қазақстан реформаларының ерекшелігі — бұл алдын ала дайындалған жоспарға сәйкес ішкі темірдей логиканың болуы, яғни нақты тәртіп пен сабақтастықтың сақталуы. Себебі ауқымды өзгерістер мен үстірт көзқарас ешқашан бірге жүрмейді, бір-біріне кедергі болады. Бұл — заңды нәрсе. Осылайша, түбегейлі реформалар жүргізу арқылы Қазақстан жаңа тарихи өсу, өрлеу дәуіріне қадам басты, - деді Президент.


19 қараша 2026 ж. 21 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30