Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа мүмкіндікке жол ашқан жоба

Жаңа мүмкіндікке жол ашқан жоба

Елімізде жастар қоғамның маңызды бөлігі ретінде үлкен рөлге ие. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекет тарапынан жастардың дамуы жолында бірқатар жұмыстар жасалды. Президенттік жастар кадр резервінің құрылуы да жастарды қолдауға арналған үлкен жобалардың бірі.
Жастар кадр резерві – еліміздегі басқару жүйесін жаңғыртудың нақты тетігі және ұзақ мерзімді саясатының бірі. Яғни ел жастарына қоғамдық және әлеуметтік көмек жасаудағы негізгі қадамдардың көрінісі.
Президенттік жастар кадр резервіне қатысу талаптары өте қарапайым. Өтініш беруші 35 жастан аспауы тиіс және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. Құжаттарды қабылдау қыркүйек айының 30 жұлдызына дейін жүргізіледі. Президенттік жастар кадрлық резервіне pkrezerv.gov.kz сайты арқылы өтініш бере алады.
Бабы мен бағы қатар шапқан жастар қызметке қабылданса тәжірибесі мен біліктілігін мемлекеттік басқару ісінде қолданып, ерекше идеяларды іске асыра алады. Бастысы Мемлекет басшысы артқан сенім мен жүктеген міндеттерді толық орындап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосатын болады.
Осыған орай қасиетті Қазалы ауданының білімді де білікті жастарын Президенттік жастар кадр резервінің кезекті іріктеуіне қатысуға шақырамын!

Мұхтар ОРАЗБАЕВ,
Қазалы ауданының әкімі

16 қыркүйек 2021 ж. 425 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 52

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 108

Өнерде жоқ шекара

21 мамыр 2025 ж. 29

Барлаушы Сағымов

21 мамыр 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031