Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел дамуының катализаторы

Ел дамуының катализаторы

Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге кандидаттардың құжаттарын қабылдау жүргізілуде. Оның құрамына 50 жас басқарушы енеді. Резервке жоғары білімі мен жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, жасы 35-тен аспаған Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

Кадр резервіне енгісі келетіндер қатарында Ақмола облысының да өрендері бар. Олардың арасында тәуелсіздіктің құрдастары бар, олар бүгінгі таңда әртүрлі салаларда еңбек етіп, айтарлықтай табыстарға қол жет­кі­зіп, еліміздің дамуына үлес қо­су­да.
Олардың бірі – Абылай Балтабаев. Ол SD Entertainment продюсерлік орталығының негізін қалаушы әрі директоры, ТМД елдеріндегі TOП 100 DJ, үздік журналист, Kokshe телеарнасының таңғы бағдарламасын жүргізуші. Негізгі жұмысынан басқа, ол шығармашылықпен, жастарды ілгерілетумен, сонымен қатар продюсерлікпен және диджейлікпен айналысады, оған қоса «Жаңғыру жолы» бағдарламасының жетекшісі.
Абылай Балтабаев: «Әрине, Президенттік жастар кадр резерві әлем­ді жақсы жаққа өзгерткісі келетін, тек нәтиже үшін жұмыс істейтін команданың маңызды бөлігі болғысы келетін жас, өршіл және шығармашыл адамдарға үлкен перспективалар ашады. Мен өз бағымды сынап көргім келеді және өзін өзі дамытуға дайын жас мамандарға сәттілік тілеймін», дейді.
«Аманат» еріктілер орталығының жетекшісі және Ш.Уәлиханов атын­да­ғы Көкшетау университетінің рек­торының орынбасары Айжан Құсайы­но­ва да Президенттік жастар кадр резервіне үміткер. Айжанның екі жоғары білімі бар, еріктілер клубының негізін қалаушы ретінде ол жастарға білім береді, жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына барынша қолдау көрсетеді.
Айжан Құсайынованың айтуынша, Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру еліміздің да­муының катализаторы болуға және қазақс­тандықтардың әл-ауқатын арт­тыруға үлес қосуға дайын нағыз май­талмандарды іріктеуге мүмкіндік береді.
«Мен басқаларға қолұшымды беру жолын таңдадым, өйткені менің көме­гіме мұқтаж адамдардың тағдыры мен үшін маңызды. Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде мен алдымызда ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар үшін ризамын. Бұл жоба еліміздің дамуының катализаторы болуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосуға дайын нағыз жауынгерлерді іріктеуге мүм­кін­дік беретініне сенімдімін», дейді А.Құсайынова.
Президенттік жастар кадр резерві, бұл – жастардың болашағына салынатын инвестиция, олардың әлеуетін барынша тиімді іске асыру мүмкіндігі.
15 қыркүйек 2021 ж. 332 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930