Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бекарыстанбидегі береке тойы

Бекарыстанбидегі береке тойы

Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзілетін, көңілдің кеңитін кезеңі – Наурыз мерекесін бекарыстанбиліктер жоғары деңгейде атап өтті.
Бекарыстан би ауылдық жастар ұйымының ұйымдастыруымен, округ әкімінің қолдауымен №24 қазақ орта мектебінің спорт залында округ әкімінің жүлдесіне арналған волейболдан көшеаралық жарыс өтті. Шара басталар сәтте Майдакөл ауылдық округінің әкімі Ғ.Зинадинов, аудандық мәслихат депутаты, ауылдық жастар ұйымының жетекшісі Б.Ізмағанбетов, №24 мектептің директоры Ә.Сәдіров және денешынықтыру пәні мұғалімі Ж.Достыбаев көше намысын қорғауға келген ауыл жастарын мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Тартысты өткен жарыс І орынды Ғ.Мұратбаев көшесінің жастары иеленіп, қаржылай сый-сипатпен марапатталды. Ү.Түктібаев М.Күзембаев көшелерінің жастары екінші, үшінші орындарды еншіледі. Ұлыстың ұлы күні мерекесінде ауызбіршілік танытып, жақсы ойын өрнегін көрсеткен Самат Әміржаев «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.
Келесі күні ауылдық мәдениет үйінде қазақтың ұлттық спорт түрі қазақша күрестен жарыс өткізілді. Ауылдық жастар ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген жарыста мектеп оқушылары әр салмақ бойынша сынға түссе, Түйе палуан атану үшін белдескен жастар сайысты одан әрі қызықты етті. Дәулет Тілеубергенов «Түйе палуан» атанып, Ертай Айбол мен Матығұл Естай екінші, үшінші орындарды қанағат тұтты. Бұдан әрі жастар қол күресіп, күш сынасты. Нәтижесінде үздік үштікке Дәулет Тілеубергенов, Қолқанат Күнімаев, Жарасхан Ертай ілікті.
22 наурыз күні ауылдағы «Тәуелсіздік алаңында» әр көше тұрғындары наурыз көже дайындап, халыққа ұсынды. Ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған театрландырылған қойылым көрсетіліп, округ әкімі Ғ.Зинадинов ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Мереке көшеаралық бата беру сайысымен жалғасты. «Батагөй қария» номинациясы З.Қалиева көшесінен қатысқан Файзула Қазиев ақсақалға табысталды. Әйелдер арасында қол күресі сайысында бірінші орын Ғ.Мұратбаев көшесінен қатысқан Рамаш Алмағамбетоваға бұйырды. Ал, арқан тартудан Ү.Түктібаев көшесінің тұрғындарының күші бәрінен басым түсті.
Мерекенің көркін ұлттық спорттың бірі – аударыспақ келтірді. Әр көшеден 30 жасқа дейінгі жігіттер қатысқан жарыста, астындағы атыда да білік күші де мығым Қ.Мәкенов көшесінен қатысқан Айдар Талғатқа тиесілі болды. Тұрғындар көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған наурыз тойынан ерекше әсермен тарқасты.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
26 наурыз 2018 ж. 1 654 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930