Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаттықты шаңырақ шуағы

Шаттықты шаңырақ шуағы

Үлгілі отбасы – қоғам тірегі. Шаңырақ шаттығын ойлаған жан отбасындағы жарын, балаларын сүйеді, өзгеге үлгі көрсетеді. Сол сүйіспеншілік айналасындағыларды, туған-туыстарын, жақын жандарын жақсы көруге, бауыр басуға ұластырады. Мұның арғы жағында Отан деген үлкен ұғым жатыр. Осы үлкен шаңырақтың уығын мерейлі отбасылар ұстап тұрады. Соған қарай үлкеннен үлгі алып, артынан ерген өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп жүрген отбасылардың беделі әр уақытта да асқақ.
Олар айналасындағыларға үлгі көрсетіп, қазақы қылықты дәріптеп, жалпы қоғамға өз пайдасын тигізуде. Осындай жас отбасылардың бірі – ортасына сыйлы, ел құрметтейтін Рзалиевтер шаңырағы. Аудандық Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде еңбек етіп келе жатқан Сұлтанбек Оразалы математика пәнінен шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, бойларына адами қасиетті сіңіртіп, болашақтың тұтқасы боларлықтай ұрпақ тәрбиелеу үстінде. Ал жары Гауһар Бақытбаева да білім әлемінен алыс емес.
Алғаш Жайықтың жағасында танысқан ғашықтар Орал қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне оқуға қатар түскен.
Сұлтан оқуды бітірісімен батыспен екі араны алтын көпір қылуды ойлап, шаңырақ көтеруді мақсат еткен.
Кейін оқу аяқталып, тағдырлары тоғысқан қос ғашық шаңырақ көтеріп, бірге өмір өзенінде жүзіп келеді. Бүгінде олардың Фатима есімді сүйкімді қыздары бар. Гауһардың айтуынша, «8 наурыз күні нәзік жандылар мерекесінде жатаханадағы жігіттер қыздар қауымына кеш ұйымдастырып бермекші болды. Сол сәтте ісінен адамгершілігі, еңбекқорлығы көрініп тұрған Сұлтанды болашақ жарым екенін іштей сезгендей болдым. Спортпен шұғылданатын азамат өте сабырлы, сөйлеу мәнері ерекше. Соның арқасында тез тіл табыстық», – дейді.
Рзалиевтер әулетіне келін болып түскен Гаухарды Сұлтанның анасы ашық мінезін, адамгершілігін, кішіпейілділігін бірден ұнатқан.
Атам қазақ «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер» деп бекер айтпаса керек. Сол бақтың арқасында ауылға үлгілі отбасы ретінде танымал бұл кейіпкерлеріміздің алдағы армандары да, алар асулары да аз емес.
Айтпақшы, Сұлтан Оразалы қол күрестен спорт шеберлігіне үміткер. Ол бұған дейін Батыс Қазақстан, Қызылорда облысында бірнеше рет жеңімпаз атанып үлгерді. Жігітке жеті өнер де аз. Одан бөлек ол бокспен айналысады. Бұл жағынан да жеткен жетістігі жетерлік.
Дәстүрлі қазақ қоғамында ата-әженің тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Атаның жыр-дастанын, әженің ертегісін тыңдаған ұрпақ рухани байып отырған. Атадан тәрбие көрген, иман жүзді, көсегесі көгерген деген сөздерді жиі естуші едік. Сол сөздер осындай жас отбасыларға қатысты айтылса керек. Ендеше басқаларына үлгі боларлықтай жас отбасыларымыз көбейіп, қазақы болмысты сақтайтын, дәстүрімізді дәріптейтін, салиқалы да салмақты ұрпақтар өсе берсін деп тілемекпіз.

Нұр БАҚЫТ
11 қыркүйек 2021 ж. 946 0

Мен өмірді қалаймын

13 қараша 2024 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930