Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарты ғасыр жарасқан жұп

Жарты ғасыр жарасқан жұп

Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі, адам баласының алтын діңгегі. Әрбір некенің мызғымас берік болуы үшін ерлі-зайыптылар арасындағы ауызбіршіліктің алар орны ерекше. Татулықты ту етіп, шаңырақтағы ырыс пен ынтымақты еселеу жолында сіз-біз десіп, сыйластықта өмір сүріп келе жатқан жандар аз емес. Солардың бірі – Қазалы қаласының тұрғындары Исмағұловтар отбасы.
Отбасының тірегі, асқар тау әке – Кетебай Исмағұлов пен ақ жаулықты ана Ақшагүл Дүйсенбайдың отасқандарына елу жыл. Олар шаңырақ көтергенде 20-21 жасар бозбала мен бойжеткен еді. Өмірдің ыстық-суығына бірге төзіп, қуанышты күндер мен қиын сәттерде бір-біріне сүйеу болды. Бес ұл-қыздың ата-анасы атанып, немере-шөбере сүйді.
Бүгінде мәуелі бәйтеректей тамырын кеңге жайған Кетебай Исмағұлұлы отыз жылдан астам уақыт бір мекемеде табан ­аудармастан еңбек етті. Мектеп бітірген соң Қазалы аудандық ауылшаруашылық техникумынан автомеханик мамандығын алды. 1970 жылы Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келген бозбала сол кездегі Қазалы аудандық автотранспорт кәсіпорнында жүргізіуші болып еңбек жолын бастады. Еңбектен қол үзбей жүріп, Жамбыл гидромелиаротивтік құрылыс институтынан инженер-механик мамандығын меңгерді. Еңбек десе, ерінбейтін жас уақытпен санаспай жұмыс істеді. Өзіне тапсырылған істі тиянақты аяқтап, тындырымдылығымен көзге түсті. Әр жылдары автоколонна механигі, автоколонна басшысы, жол қауіпсіздігі инженері, автокөлік жұмсау бөлімінің, автобус паркінің басшысы, бас инженер болды. 1986 жылдан бастап бірнеше жыл аудандық автотранспорт кәсіпорнының директорылығын абыроймен атқарды. Зейнет жасына жетсе де еңбек етуді құп көріп, Арал-Қазалы аудандық «Қыран» ЖШС жол пайдалану бөлімі учаскесінің бөлім басшысы, «Қазалы тынысы» мекемесінің бас директоры болып, халыққа қызмет етті. Ол Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі тарапынан «Үздік автокөлікші» жоғары кәсіби атағын иеленіп, арнайы төсбелгімен марапатталды. Уақытында басшылық тарапынан бірнеше медаль мен құрмет грамотосын алды. Ал зайыбы Ақшагүл апа бала тәрбиесімен айналысып, ерінің абыройлы еңбек етуіне айтарлықтай үлесін қосты.
– Отбасы іргесінің берік болуы ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен шыдамдылықта. Біреу айтқан қаңқу сөзге ермей, бір-біріне деген сенімділікті жоғалтпау шаңырақтың шаттығын еселей түседі, – деген отанасы бір жылдары үш келінді бір шаңырақ астында тату-тәтті ұстап отырған.
Бала тәрбиесінде ең маңыздысы – тәртіп пен сапалы білім бере білу деген ұстанымдағы Кетебай аға: «Баланың білім алғанын қатты қадағалаймын. Тәрбие – тәртіптен басталады. Шүкір ұл ұяға, қыз қияға қонды. Қазір тек жетістіктерімен қуантуда», – деп жылы шырай танытты. Шаңырақтың үлкені Айдарбек кәсіпкер. Ләззат білім беру саласында. Марал мен Асқар да жеке кәсіппен айналысады. Кенже ұл Рақымбектің есімі кәсіпкер ретінде Қазалы жұртына таныс. Ауыр техниканың бірнешеуін тізгіндеген ол халыққа қызмет көрсетеді. Жары Әлия Абдуллаева №16 мектеп-лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Олардан тараған Ақнұр, Ақсұңқар және Нұрболат, Нұрбақыт атты немерелер жарты ғасыр жарасқан жұптың қолғанатына айналған.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
12 қыркүйек 2020 ж. 1 191 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930