Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел басқарған-ұлы тұлға

Ел басқарған-ұлы тұлға

Уəли Төралиевке-100 жыл.
Сыр елі  батырлар, билер,от  ауызды,орақ тілді шешендер мен қатар ел басқарған нар тұлғалы ,бар білімін,күш жігерін ел-халықына қамқорын,сүрінгенгенді демеп қол созатын қамқор тау тұлғалы əкелеріміз бен аналарымыз дүниеге келген киелі мекен. Осындай қасиетті мекенде туып,өмір сүрген  кейінгі ұрпаққа өмір жолдары үлкен өнеге болатын дара тұлға -Уəли Төралиев атамыздың туғанына  100 жыл болыпты. Бұл кісі Қарамақшы ауданының Қараөзек ауылында дүние есігін ашып,еңбекке жастайынан араласыпты.Елді сауаттандыру  мақсатында мұғалімнен мектеп басшысы қызметін атқарған.1961-1963жылдары Қазалы аудандық комитетінің бірінші хатшысы,аудандық халық депутаттары кеңесі төрағасы қызметін атқарған.Білім саласына көптеген өзгерістер мен жаңалықтар енгізіп,өз үлесін қосып отырып парасаттылықпен іскерлігімен  оқу ағарту салаларын басқарған. Біз кейінгі ұрпақ,бізге жарқын ,даңғыл жол салып кеткен,біздің жақсы білім алып дара тұлға болып өсуімізге  күш жігерін,білімін бар өмірін арнаған абзалда ,ардақты ұстазды құрметтейміз. Ешқашан ұмытпаймыз,кейінгі жас ұрпаққа  үлгі етіп айтып отыруымыз керек.Осы мақсатта  Қ.Күлетов атындағы 92 мектеп кітапханашысы Аймира Бекбаева тау тұлғалы, ардақтыда, абзал, бар өмірін елінің өсіп өркендеуіне арнаған  əке өмірімен оқырмандарды таныстырды.

А.БЕКБАЕВА
Қ.Күлетов атындағы №92 орта
мектебінің кітапханашысы  
04 қараша 2020 ж. 904 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 37

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930