Субсидияға өтінім тапсыру бойынша шаруашылық иелерімен кездесу өтті
Жұмыс сапарымен Қазалы ауданына облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Арыстан Омаров арнайы келді.
Сапар аясында ауыл шаруашылығы малдарының мал азығына жұмсалған шығындарына өтелетін субсидияға өтінім тапсыру бойынша ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиын өткізді.
Жиын барысында ірі малдардың аналық саны 30 бастан және қой малының аналығы 200 бастан кем болмауы және де мүйізді ірі қараның аналығының 1 басына 15 мың теңге, жылқы, түйе малдарының аналығының 1 басына 10 мың теңге, қой малының аналық 1 басына 2,5 мың теңге төленетініне тоқталды.
Бұдан бөлек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде шаруалардың есебінде тұрған мал бастарын ақпараттық жүйеге тіркеу, субсидия алу бойынша шаруашылық иелерінің сұрақтарына жауап берді.
Өз кезегінде шаруашылық иелері қытымыр қыстың жақындағанын айтып, өздерін толғандырған сауалдарын жолдады.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков шаруа жайынан хабардар екендігін білдіріп, қуаңшылыққа байланысты қысқы малазықтық жем-шөп мәселесі күн тәртібінде екендігін жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат