Неге COVID-19-ға қарсы екпені қыркүйекке дейін алу керек?
Неге күзге дейін коронавирусқа қарсы вакцина алу керектігі туралы дәрігер, иммунолог-аллерголог Андрей Продеус түсіндірді.Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Күзде тұмау мен ЖРВИ сияқты маусымдық аурулардың саны артады. Бұл адамның иммунитеті бірден көптеген вирустық инфекцияларға шалдығу қаупін туғызатынын білдіреді.
– Иммунитет суықтан немесе маусымдық күздің басталуынан әлсіремейді. Алайда, иммундық жүйеге көптеген инфекциялық процестерге бірден жауап беру қиын болуы мүмкін, ал күзде маусымдық инфекциялық аурулардың саны артады. Бұл – иммундық жүйеге қосымша жүктеме, – деді Андрей Продеус Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, иммунолог егер адам ЖРВИ-мен немесе коронавируспен ауырып қалса, КВИ-ға қарсы вакцина алуға кеңес бермейді.
– Сізде аурудың белгілері болса немесе нақты диагноз қойылса, вакцина алудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, сіз ауырып тұрсаңыз, екпе алмай тұрып, денені сауықтырып, қалпына келтіру керектігін ұмытпаңыз. Егер ауру жағдайында немесе ауру аяқталғаннан кейін бірден екпе алынса, вакцина сапасына әсер етеді,- деп түсіндірді Продеус.
Оның айтуынша, егер адам ауырып тұрса не жағдайы нашар боп тұрса, екпе адамның денсаулығын одан да нашарлатуы мүмкін.