«Спутник V» вакцинасын басқа екпелермен қатар салуға бола ма?
С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова онлайн брифинг барысында коронавирусқа қарсы вакцинаны басқа екпелермен қатар алуға бола ма деген сауалға жауап берді.
Иммунолог қазір адамдар кенеге қарсы екпе салдырып жатқанын айта келе, коронавирусқа қарсы вакцинаны басқасымен араластыруға болмайтынын жеткізді. БЦЖ және басқа да бұрыннан салынып келе жатқан екпені басқасымен қатар салуға болмайды. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцина жақында шыққандықтан, оны да басқалармен қатар салуға кеңес берілмейді. Алдағы уақытта бәрі дұрыс болып жатса, оны басқа екпелермен қатар салдыра беруге болатын шығар. Қазір бірден бірнеше вакцинаны қатар алуға рұқсат жоқ, - деді Эльмира Битанова.
Оның айтуынша, елімізде балаларға кенеге қарсы энцефалит және полиомиелит екпелері салынады. Дегенмен соңғы кезде полиомиелитке қарсы шығатындар көбейген. Негізі оны кең көлемде салған дұрыс. Пандемия көптеген ата-анаға сабақ болды деген ойдамын. Оның барлығы балаларды қорғауға бағытталған. Өйткені көрші елдерде полиомиелиттің ошақтары бар, - деді ол.
Еске салсақ, иммунолог коронавирустың геномы толығымен шешілгенін мәлімдеді.
Еске салсақ, иммунолог коронавирустың геномы толығымен шешілгенін мәлімдеді.