Елімізде төрт коллекторлық агенттікке жұмыс істеуге тыйым салынды
Фото: Depositphotos.comҚазақстанда төрт коллекторлық агенттік тізілімінен шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Агенттік коллекторлық агенттіктердің қызметін тексеріп шықты. Сол кезде борышкерлермен және үшінші тұлғалармен өзара іс- қимыл жасау кезінде жосықсыз әрекеттер жасаудың жүйелі фактілері анықталды. Осыған байланысты төрт коллекторлық агенттік тізілімінен алып тасталды.
Олар:
1."Seven" коллекторлық агенттігі;
2."iCollect" коллекторлық агенттігі;
3."Каз Инвест Коллекшн" коллекторлық агенттігі;
4."Табыс" коллекторлық агенттігі.
Тізілімнен шығарылған агенттіктер коллекторлық қызметті жүзеге асыру құқығынан айырылады.
Заң бойынша 5 күннің ішінде кредиторлар мен борышкерлерге хабар берілуі шарт. Ал 30 күн ішінде ұйым атауынан "коллекторлық агенттік" деген сөздерді алып тастау қажет.
"Бұл ретте коллекторлық агенттікті тізілімнен шығару борышкерлерді банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды", - дейді агенттік мамандары
Агенттік осы саладағы жұмысты ары қарай жалғастыруға мүдделі.













