Аудан әкімінің құттықтауы
Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылысшы қай уақытта да құрметті және абыройлы мамандық. Сіздер сол талапқа сай аудан аумағында әлеуметтік және өндірістік нысандарды сапалы және мерзімінде іске қосуға атсалысып келесіздер. Ауданның, ауылдың сәнін келтіріп, айшықтандырып тұрған құрылыстарға қалдырған қолтаңба әрқайсыңыз үшін үлкен мәртебе.
Соңғы жылдарда тұрғындар сұранысы мен талғамына қарай сіздердің кәсіби бағыттағы ізденістеріңіздің нәтижесінде құрылыс сәулеті жаңа кейіп-келбетімен ерекшеленуде. Халықтың қолайлы тұрмысына жан-жақты жағдай жасау үшін инфрақұрылым ауқымы да кеңейді. Қазір қала мен ауыл құрылыстарының сәні мен мәні теңесті. Осы орайда атқарылып жатқан жұмыстар ұланғайыр. Сондықтан Сіздерге көрсетілетін құрмет те, айтар алғыс та мол.
Құрметті құрылысшылар!
Сіздер алдағы уақытта да үнемі ізденіс үстінде болып, қасиетті Қазалы ауданының сәулеттік келбетін одан әрі әрлендіре береді және өздеріңіздің тәжірибелеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңізді халық игілігіне жұмсай береді деп сенемін.
Сіздерге мықты денсаулық, қызметте табысы мол жаңа замануи жобалар және сарқылмас қайрат тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Қазалы ауданының әкімі
МұхтарОразбаев