Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық кедейленіп барады: күнкөріс деңгейі төмен, баға жоғары

Халық кедейленіп барады: күнкөріс деңгейі төмен, баға жоғары

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 1% төмендесе, тауарлар мен қызметтердің бағасы 0,7% өскен. 2021 жылғы шілдеде ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,4 мың теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (33,7 мың теңге) 14,1% артық. Сондай-ақ бір айда ең төмен күнкөріс деңгейі 0,9% азайды. Осы уақытта инфляция деңгейі жаңа антирекорд орнатты. 2016 жылдың соңынан бастап алғаш рет инфляция 8,4% болды. Сонымен қатар азық-түлік тауарлары бір айда 0,7%, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%, ақылы қызметтер – 0,8% қымбаттаған. Өңірлер арасында ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша Маңғыстау облысы көшбасында: 44 мың теңге – республика бойынша орташа мәнмен салыстырғанда 14,3% артық. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (43,4 мың теңге) және Алматы (40,8 мың теңге) енді. Бұл еліміз бойынша орташа көрсеткіштен 12,8% және 6,2% артық. Үздік бестікте Шығыс Қазақстан (39,6 мың тг) және Павлодар (39,3 мың тг) облыстары тұр. Жоғарыда аталған өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден асады. Ең төменгі мән Батыс Қазақстан облысында: 34,7 мың теңге – Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 9,8% аз.
05 тамыз 2021 ж. 535 0

Екі облыста жол жабылды

15 қаңтар 2026 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031