Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » АСЕАН вакциналарды 10,5 миллион долларға сатып алмақ

АСЕАН вакциналарды 10,5 миллион долларға сатып алмақ

Ұйым COVAX механизмін қолданбақшы. Оңтүстік-Шығыс Азия Елдері Қауымдастығы (АСЕАН) Вьетнамның коронавирусқа қарсы вакциналарды сатып алуға 10,5 миллион доллар жұмсау туралы ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Вьетнамның Сыртқы істер министрі Буй Тхан Шонның мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Министр АСЕАН кеңесінің онлайн-форматта өткен 29-шы отырысында осылай деді. Отырыс қауымдастықтың Сыртқы істер министрлерінің 54-ші кеңесі аясында өтті. Вьетнамның бастамасын талқылағаннан кейін, аймақтық блокқа кіретін елдер пандемияға қарсы қордың бір бөлігін вакцина сатып алуға және халық арасында үлестіруге келісті. Брунейдің ұсынысы бойынша, қауымдастық аймақты вакцинамен қамтамасыз ету үшін қауіпсіз және тиімді вакциналар қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған COVAX механизмін қолданбақшы. Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы 1967 жылы құрылған. Қазір оған он ел мүше: Бруней, Вьетнам, Индонезия, Камбоджа, Лаос, Малайзия, Мьянма, Сингапур, Тайланд және Филиппин. Осы жылдың басында АСЕАН төрағалығы Брунейге тапсырылды.
03 тамыз 2021 ж. 454 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031