Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бәсі жоғары, бағасы биік

Бәсі жоғары, бағасы биік

Көлік инфрақұрылымының маңызды саласы болып саналатын темір жол елдің транзиттік әлеуетін арттырып, стратегиялық тапсырмаларын жарқын көрініспен жүзеге асырып келеді. Сондай көлік жөндеу саласының көшбасшысы санатындағы Қазалы локомотив жөндеу зауытын бүгінде ­республика мен алыс-жақын көршілес мемлекеттер танып үлгерген.
Тәуелсіздікпен бірге түлеген орынның бүгінгі тынысы тынымсыз, табысы толайым. «Құрметті теміржолшы» Нұрлан Әлмағамбетов басқаратын кәсіпорындағылар тамыз айының алғашқы жексенбісін мерекеге емес, меже маңыздылығын бағамдау мезетіне айналдырған.
Темір жолдың маңыздылығында міндеттерді жүзеге асыру мен бекітілген жоспарларды орындауда алғашқы жартыжылдықты жақсы көрсеткішпен аяқтаған.
Озық технологияларды өндіріске енгізу – бүгінгі күннің басты талабы. Қолданысқа жыл сайын енгізілген жаңашыл қондырғылар мен электр энергиясы, дизельді тұтынуды есепке алып, бақылап, талдауға арналған құрылғылар жедел жұмыстың тиімділігін арттыруға септескен.
Бүгінде өндіріс орны темір жол көлігіне арналған жүйелер, құрал-жабдықтар мен қызметті дайындап, өндіріске қосып, ел бойынша теміржол индустриясын алға жылжытып, экономикалық дамудың процестеріне қатысушылардың бірегейі болып табылып. Мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында жоспарлы техникалық сабақтардан өтіп, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау алғашқы орынға қойылған. Алдымен еңбек қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы, техникалық пайдалану ережелерін бұлжытпай орындап, қырағылықты ақсатпау назардан түспейді.
Нарықтық қоғамның басты қағидасы – уақытты үнемді ұйымдастыру. Шығындарды оңтайландырған ұжым қаржылық жағдайды жақсартып, әлемдік қиын жағдайға қарамай, ұйымдастыра білген ұтатынын ісімен байқатып отыр. Үстіміздегі жылдың 6 айының қорытындысымен Қазалы локомотив жөндеу зауыты 1 111 621 теңге көлемінде қаржыға қол жеткізіп, табыс тайқазанын тасытқан.
Тепловоздар ауыр жүктерді тасымалдайтындықтан, теміржолда санаулы уақыт жүргеннен кейін тозады. Осы кезде қосымша жөндеу жүргізіп, болат жолы техикаларының жүру, пайдалану мерзімін ұзартатын орын істен шыққан бөлшектерін ауыстырып, кейбірін өздері дайындап, тұтынушыларға сапалы, тиімді жұмыстарын ұсынған.
Жоспар кешігуді кешірмейді. Бұл орайда тұрақты бірлестік тиімділігін танытқан. Локомотив жөндеу бойынша жыл ішінде халықаралық дәрежеде қызмет етіп жүрген іргелі өндіріс ошақтары жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырыс алған. Олардың қатарында Астана, Рудый, Теміртау, Арал қалаларындағы «ҚТЖ-Жүк тасымалы», ФГУП «ЦЭНКИ» «Южный»-Космос орталығы, «Соколов–Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі», «АрселорМиттал-Темиртау», «Аралтұз» акционерлік қоғамдары, ақтөбелік «Желдортранс Актобе», «Ақтөбе мыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.
Бүгінде зауытта 374 жұмысшы-қызметкер болса, олардың мекемеде жұмыс көлемінің тұрақтылығына байланысты қысқарту, онлайн жұмыс істеу секілді шаралар жоспарланбаған.
Цехтарда көптеген детальдық жаңалықтар сынақтан өткізіліп, өндіріске қосылған. Алғыр ойлы, теориялық даярлығы жеткілікті мамандардың еңбектері айтулы күндері қарсаңында еленген. Олардың санатында қырық екі жыл ғұмырын осы мекемеде өткізген тәжірибелі мамандар Талғат Сисенбаев, Темірбек Өтелбаев, олардың жолын қуған буын Ғалым Сармантаев, Мұхтар Бұхаев, Мұхит Палым, Еркебұлан Ізбасаров, сондай-ақ зерек те, зерделі жас Айназар Сыдықов та бар. Мұндай мамандығына әбден төселген, міндетті мүлтіксіз атқаратын жұмысшылар қалыптастыруда іскер басшының еңбегі орасан. Қазалы локомотив жөндеу депосы «Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бәсі жоғары, бағасы биік. Әр жылдарда көрсеткіштер көш басында тұратын мақтаулылар мекемесі салалық «Үздік кәсіпорын» бағамын бірнеше қайтара жеңіп алған.
«Қазалыдағы локомотив жөндеу зауытымен біраз уақыттан бері тұрақты қарым-қатынастамыз. Биыл жүк тиеу-көлік басқармасы үшін көліктің стратегиялық маңызды түрі саналатын «ТЭМ7А» тепловозын күрделі жөндеу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Біз барлық қажетті жұмыстарды сапалы және жедел орындауға қабілетті болғандықтан келісім жасастық. Бұл зауыт басқа кәсіпорындардан үлкен өндірістік қуаттылығымен және өзге тепловоздарды жөндеудегі мол тәжірибесімен ерекшеленеді», – дейді «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы өкілдері. Бұдан бөлек «ТЭМ-2» сериялы моневрлі тепловозы, «ЧМЭ-3» қуатты тепловозын жөндеудің барлық түріне қауқарлы ұжым ауданын өнеркәсібін өрістетуде құрылымдық өзгерістерге қарамастан, тың іске батыл кіріскен, мемлекет дамуы секторның сенімді тірегі санатынан көрініп келеді.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
31 шілде 2021 ж. 776 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930