Аудан әкімінің құттықтауы
Ардақты сала ардагерлері!
Өздеріңізге белгілі, Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев осыдан 21 жыл бұрын тамыз айының алғашқы жексенбісін көлік саласының кәсіби мерекесі деп белгіледі. Содан бері бұл мереке сала мамандарының басын қосатын атаулы күн ғана емес, жалпыхалықтық мереке сипатына ие болды.
«Жол жолға жалғасады, ел елге жалғасады», - дейді даналарымыз. Солар айтқандай, елмен елді жалғастырып, алысты жақын етіп, берекелі бірлікке ұластырып отырған көлік саласының еліміз үшін маңызы әрине зор.
Кешегі күні бабаларымыз ат арытып, арбалатып жететін айшылық алыс жолдарды бүгінде көзді ашып-жұмғанша жүріп өтуге мүмкіндік туды. Бұл – көлік саласының, осы салада аянбай қызмет етіп жүрген азаматтарымыздың қажырлы еңбегінің жемісі.
Көлік саласы – қашан да экономиканың алға жылжытушы күші, әрі бірден-бір діңгегі десек, бүгінгі мерекені аудандағы көлік саласының мамандары толымды жетістіктермен қарсы алып отыр.
Тыныс-тіршілігіміз үшін маңызды саланы дамытуға білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде Сіздер өзгелерге үлгі-өнеге болып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық деңгейінің артуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Мезгілдің ыстық-суығымен күні-түні жол жүріп, ел абыройы мен ризығын молайтып, өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындап жүрген мамандар қандай мадақ, марапатқа да лайық.
Сондықтан да Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін шын жүректен шынайы алғысымды білдіре отырып, егеменді еліміздің игілігін молайтудағы елеулі істеріңіздің жемісі көп бола беруіне тілектеспін!
Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын!
"Қазалы" ақпарат