Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық балаларға КВИ-ға қарсы вакцина әзірге салынбайды – СЭБ комитетінің өкілі

Қазақстандық балаларға КВИ-ға қарсы вакцина әзірге салынбайды – СЭБ комитетінің өкілі

Жақында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 12-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді Pfizer препаратымен вакциналау жоспары туралы айтқан болатын. Министр ата-аналар тарапынан балаларды вакциналау туралы көп өтініш түсіп жатқанын да жеткізді. Қазіргі таңда кейбір елдерде Pfizer және BioNTech вакциналарын балаларға салу басталып кетті. Олардың алғашқысы – Канада, ел үкіметі 12 жастан асқан балалардың бәріне екпе егіле бастады.

Ал, Қазақстанда балаларға вакцина салына ма, салынса қанша жастан бастап және оларға вакцинаның қай түрі егілуі мүмкін? Бұл сұрақтардың жауабын Azattyq Ruhy тілшісіДенсаулық сақтау министрлігіне қарасты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұртшылықпен байланыс маманы Ауғанбек Манарбектен сұрап білді.

Маманның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда балаларға салуға болатын вакцина мүлдем жоқ. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі А.Цой Спутник V және QazVac вакцинасын балаларға қолдануға бола ма деген сұраққа жауап беріп, ресейлік вакцинаға зерттеу жүргізіп жатқанын айтқан еді. Ал, QazVac-ты зерттеу үшін оны балаларға салып көруге Қазақстан заңнамасы бойынша тыйым салынған.

«Қазақстанда балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынбайды. Біз АҚШ-тың Pfizer вакцинасын 12-18 жастағы балаларға салып жатқаны туралы ақпарат алдық. Десе де, Қазақстанға аталған вакцина әлі келген жоқ. Биыл күз айларына дейін вакцинаны елге жеткізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Егер Pfizer вакцинасы бойынша клиникалық зерттеу толық жүргізіліп, құжаттары жеткізілсе, біздің дәрігерлер арнайы жиында оны талқылайды. Отандық дәрігерлер тарапынан Pfizer препаратын балаларға салуға болады деген шешім шықса ғана екпе жүргізілуі мүмкін. Бұл әзірге болжам ғана. Дәл қазіргі уақытта елімізде балаларды вакциналау жүргізілмейді», - деді Ауғанбек Манарбек.

Ол балаларға вакцинаны егу үшін жүргізілетін зерттеудің өзі ұзақ уақытты алатынын, одан кейін де бірнеше ұйымнан келісім алу үшін тағы біраз күту керегін айтты.

«Қазіргі уақытта вакцина шығарушы барлық мемлекетте балаларды вакциналау бойынша клиникалық тексерулер жүргізіліп жатыр. Ол туралы біздің дәрігерлерде ақпарат бар. Бірақ, клиникалық тексерулер әлі бітпегендіктен нәтижесі белгісіз. Өзіңіз білесіз, клиникалық тексерулер бір-екі күнде өтетін жұмыс емес. Оған уақыт керек. Тексеріс аяқталғанна кейін олар вакцина туралы өз дәлелдемелерін, ғылыми зерттеу нәтижелерін ғылыми журналдарға шығару керек. Барлығы бекітіліп, клиникалық зерттеу нәтижесі ДДСҰ қарауына жіберіледі. Содан кейін ғана Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы кеңес беруі мүмкін. Кеңес бергеннен кейін де вакцина бірден салынбайды. Оны әр мемлекет өз ішінде қарап, зерттеп, балаға салуға бола ма, болмай ма өздері шешім шығарады», - дейді маман.

А.Манарбектің айуынша, осы уақытқа дейін балаларға ұлттық күнтізбе бойынша шақалақ кезінен туберкулезге қарсы, одан кейін екі-үш жаста салынатын вакцина, мектепке барар алдында салынатын екпе жоспар бойынша уақытында жүргізіліп келеді. Сондай-ақ ол, вакцинадан кейінгі күтімнің маңыздылығын да атап өтті.

«Вакцина үлкендер мен балаларға бірдей әсер береді. Екпе салғаннан кейін міндетті түрде күтіну қажет. Екпе салынған орынды суға тигізбей, жылы жүру маңызды. Сонда денсаулық қалыпта болады. Егер, вакцинадан кейін дене қызуы көтеріліп, өзіңізді жайсыз сезіне бастасаңыз жарты таблетка парацетамол ішсеңіз болады. Қазіргі таңда вакцинадан денсаулығы сыр беріп, ауыр халде жатқан адамдар жоқ. Әрине, вакцина түбіртегінде көрсетілген симптомдар кездеседі. Дене қызуының көтерілуі, екпе егілген жердің ауруы, көңіл-күйдің болмауы сияқты белгілер бар. Бұл қалыпты жағдай. Одан қорқудың еш қажеті жоқ. Аталған симптомдар тек коронавирусқа қарсы екпеде емес кез-келген вакцинада болуы мүмкін. Сондықтан вакцинадан кейінгі күтімге бей-жай қарамауды өтінеміз», - дейді Ауғанбек Манарбек.

Балаларды вакциналау жөнінде клиникалық зерттеулер оң нәтиже көрсеткеннің өзінде екпе 12-18 жас аралығындағы балаларға тек ата-анасының рұқсатымен салынады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі өз сөзінде бірнеше рет айтқан болатын.

«Балалардың да вакцина алуға құқығы болуы тиіс. Вакцина салдыру ерікті түрде жүргізілетін болады. Яғни тек ата-ананың келісімімен ғана жүзеге асырылады. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Қазір бізге балаларына коронавирусқа қарсы екпе салдыру жөнінде көптеген ата-ана өтініш білдіруде. Бірақ өкінішке қарай, ондай вакцина бізде әзірге жоқ. Мүмкіндік пайда болған жағдайда, біз бірден вакцинаны қолжетімді етуге тырысамыз», - деді министр.

Айта кетейік жоғарыда аталған Pfizer вакцинасы елге жыл соңына қарай 2 миллион дозамен келуі мүмкін.
29 шілде 2021 ж. 519 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 18

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930